Перiштеге ғашықпын – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Перiштеге ғашықпын» атты Исраил Сапарбай жазған махаббат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 15.07.2021
  • 0
  • 0
  • 867
(Топтама)

Перiштеге ғашықпын, пендеге емес,
Мен бiлетiн ол шiркiн елден емес.
Күнi бойы есiмнен бiр шықпайды
Түнi бойы түсiме енген Елес.
Елесiмнiң бағамын қас-қабағын:
Iшпей-жемей көркiне мас боламын.
Ай сəулесiн аялап алақанда,
Жұлдыз жырын, айтады ол аспан əнiн.
Аспан əнiн –
Боздатып бостан əнiн
Жаспен жуып отырар жас жамалын.
Қарағанын қайтерсiң қарағымның,
Екi бiрдей төңкерiп тостағанын!
Қарағанын қайтерсiң қарағымның
Жанын жапа,
Жайлап ап жанарын мұң...
Мен ғашықтың назарын наз деп ұғып,
Мен ғашықтың азабын жаңа бiлдiм!..
Жаңа бiлдiм,
Кеш бiлдiм,
Кеш ұғындым...
(Елес көрсе шықпайды есi кiмнiң?)
Тiлiң бар ма, күнiм-ау, үнiң бар ма,
Тым болмаса айтсаңшы, есiмiң кiм?
Есiмiң кiм, Перiштем, Пiрəдарым?
Еркесiме ең сен де əзiз бiр ананың?
Қоншы бiр сəт қолыма, ұшып кетпей,
Қалшы бiр сəт қасымда, сұранамын?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Перiштеге ғашықпын өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Перiштеге ғашықпын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Перiштеге ғашықпын өлеңі не туралы?

Бұл шығарма махаббат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Перiштеге ғашықпын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері