Мысықай мен қараторғай – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Мысықай мен қараторғай» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1141
Қараторғай тұратұғын үйде бір,
Онша емес-тін күйге бұл;
Алайда ол пәлсапаға жетік-тін,
Мысықаймен тату еді бұл өзі.
Мысықай да өз ісіне жетік-тін,
Тым биязы мінезі.
Достарынан бірде шет қап жүдеді.
Қарны ашып жүрді бұл:
Ойға батып, тамақ таппай ширығып,
Бұлғаңдатып құйрығын,
Мияулады мұңлы бір,
Пәлсапашы оған ақыл құйды кіл.
Деді оған: «Сендей момын жан аз, ә?
Босқа ұстайсың ораза;
Тап төбеңде бұлбұл тұр, айтар болсам турасын,
Көріп жүрмін, Мысықайсың турашыл».
«Арды қайтем?» ... «Аз білесің өмірді,
Бос былшыл де оныңды.
Әлсіз жандар сенгіш келер Тәңірге,
Ақылдылар басады тек әзілге,
Болса өмірде кім мықты,
Жасар небір сұмдықты.
Міне, саған өнегем мен дәлелім», –
Деп, сөзінің келтірді бір мәнерін.
Пәлсапашы бар ақылын сарықты,
Аш Мысыққа ұнап қалды анық бұл.
Тордан алып жеп қойды ол Бұлбұлды,
Тәбетін бұл аша түсті құрғырдың.
Бір тістем ет тойдырмады тамағын,
Екінші айтқан сабағын
Ұйып тыңдап, қолдады,
Деді және: «Шын сыйлаймын өзіңді,
Аштың менің көзімді».
Жеп қойды ақыр ұстазын да тордағы..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мысықай мен қараторғай өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Мысықай мен қараторғай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мысықай мен қараторғай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мысықай мен қараторғай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері