Ұсталып қалған қаша алмай – Ақсұңқар Ақынбаба

Бұл бетте «Ұсталып қалған қаша алмай» атты Ақсұңқар Ақынбаба жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.04.2021
  • 0
  • 0
  • 569
Ұсталып қалған қаша алмай,
Киіктің көзі сындымын.
Запыраннан да, балдан да,
Босаған шөлмек сындымын.

Лақтырылған талауға,
Бөкеннің өзі сындымын,
Жазықсыз түскен қамауға,
Тұтқынның көзі сындымын.

Тұрайын деп ем ұмсынып:
Сағаттың тілін санап құр,
Қуарған жүзі күрсініп,
Терезеден гүл қарап тұр.

2016 ж.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұсталып қалған қаша алмай өлеңінің авторы кім?

Ақсұңқар Ақынбаба — осы өлеңнің авторы.

Ұсталып қалған қаша алмай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұсталып қалған қаша алмай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ақсұңқар Ақынбаба өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұсталып қалған қаша алмай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері