Аяғыма – Ақсұңқар Ақынбаба

Бұл бетте «Аяғыма» атты Ақсұңқар Ақынбаба жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.04.2021
  • 0
  • 0
  • 667
«Аяғыма,
Табаныма жығыл мұң,
Қастандыққа
көгенделген бұлбұлмын»,-
Дедім дағы кештен қалып көңілім,
Сезімімнің іңіріне тығылдым.

Іңір...
Іңір...
Зілің басты,
Кесірің,
Мезгілсіз кеп неге сонша есірдің?
Оңар ма екен ойлағаны ойымның,
Болар ма екен өмір саған кешірім?

Түнек басып келе жатыр жабыла,
Түнеремін,түрленемін,тағы да,
Тағы ...тағы... тағы да,
Жармас тұман,
Балағыма,
Жалыма...

Іңір еніп,
Күңіреніп өмірім,
Тұрып алды жұтқыншақта өлі ірің,
Қайда сенің,
Қайда менің уәдем?
Қайда менің өмірім?

2003 ж.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері