Көзін жауып біреулер – Ақсұңқар Ақынбаба

Бұл бетте «Көзін жауып біреулер» атты Ақсұңқар Ақынбаба жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.04.2021
  • 0
  • 0
  • 686
Көзін жауып біреулер,
Айғайлады Күн жоқ деп,
Мені жеңіп күлгендер...

Ғасырымның жанарын,
Басқан бұлттар өлең боп,
Жауған жерге қарадым...

Шоқтай қызып бұлт қаны,
Темірлерді майырды.
Қанатымнан қайырды.

Таба алмадым жұбаныш,
Қарап тұрмын белдерден,
Қасіретіме өрлеген.

Қарап тұрмын аспанға,
Ноқаттай боп қарайып.
Жалыққан соң жерден кең.

Мен кешпеген кейінге,
Қалдырдың ба, Құдайым,
Жазмыштың сынағын?

Шоқ ұстатып қолыма,
Соқтықпаған жаныма,
Қалды ма өмір ылаңың?

Сен сынбашы,шыдамым,
Жанып тұрған шырағым?
Құтқар мені шуағым?

Қолын созып орынымнан,
Тұрғызар жан қалды ма,
Не күтіп тұр тағы да?!.

2016 ж.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері