Бұл бетте «Қауырсындай қанатым жеңіл еді» атты Ақсұңқар Ақынбаба жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қауырсындай қанатым жеңіл еді,
Күш бітетін бойыма ұшқанымда,
Көңілді едім, ғажайып өмір едім,
Аппақ қардай сезім ем құшқанымда.
Бар адамға, әлемге ашық едім,
Ең бақытты шақтарға ғашық едім,
Алдамшының бәріне сенуші едім,
Қара аспаннан Күн болып төнуші едім.
Тозақтан да өтердей кедергісіз.
Рух бар ед арқамда теңдесі күн!
Енді мені көрсеңіз, сенемісіз,
Мүлдем басқа адамның бейнесімін…
Шуағым жоқ тұратын жарық беріп,
Жерге түсе бастадым «қалыпқа» еніп.
Мен емеспін
Мына мен,
Бөтен маған,
Бүгін жылап ояндым табыт көріп…
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі