Бұл бетте «Ақ орамал, ақ жүзің – тым-ақ әсем» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ақ орамал, ақ жүзің – тым-ақ әсем,
Шыға келдің бөкендей бұлана сен.
Көрер көзге тап салар бөлек бітім,
Періштедей болмасаң, ұнамас ең.
Ашаң бойың, нәзіктік тұлғаң тұнған,
Сағымдайсың маң дала, құмға ұмтылған.
Камзолыңның кеудесі қаз омырау –
Сұлулық қой ...
Ынтықтым бұлдан, тұлдан.
Кереметің – көзіңде сәл нілденген,
Қарап тұрып мүдуар жан гүлденген.
Қарашығың жалт етті найзағайдай,
Ес-тұсымнан айрылдым әлгіңнен мен.
Кеттің сіңіп бірдемде самалға, айнам,
Бола қойсын сол шақта амал қайдан?
Талған көңіл қалғаны талғажау ғып,
Жетпейді екен тағдырға шамам, қайлам.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі