Елес

Бұл бетте «Елес» атты Тоқтарәлі Таңжарық жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.09.2021
  • 0
  • 0
  • 586
Ай,
Мен үнсіздікке шомған Оның елесімен қатар ұштым,
Көгілдір дүниедегі сенің шұғылаңды жамылып.
Мен де айналдым елеске.
Оны үн-түнсіз құштым,
Мың жылдан соң кезіккен ғашықтардай сарылып.
(Бір сәттік қиял арқылы
О дүниеге жалғадым Бұ дүниенің тамырын.)
Ал,
Ол ылғи жүреді Елес дүниесін мекен ғып,
Аппақ қанатын қағып
қап-қара бояулардың ішінде.
Сенің күңгірт шұғылаң
сүйіп бір жатқан шақта шекемді,
Тек соны көремін түсімде.
Іңкарлік төсегінде бірге түнеймін,
Өзіңнің нұрыңа жуынған ғұсылмен.
Ай,
Сенің бейнеңдегі мәңгілік ұйқыға
шомып бір кеткен жарым
Сол еді!–
Бұ дүниелік маған тәлім.
Оны еске алу –
әрине, дауылдар толқытқан
бейуаққы теңізді кешіп өтуден де ауыр...
Жүзімді шарпиды аңсар мен
сағыныштан тұтанған жалын.
...Қасіретім – оның қап-қара шашынан да қалың!
Ай – Жаным...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Елес өлеңінің авторы кім?

Тоқтарәлі Таңжарық — осы өлеңнің авторы.

Елес өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Елес өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тоқтарәлі Таңжарық өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Елес өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері