Сен Таразға кеткенде – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Сен Таразға кеткенде» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1293
Тұңғиыққа сен мені
Тастап кеттің деп ұқтым.
Бір қызықты көргелі
Бастап кеттің деп ұқтым,
Деп ұқтым да деміктім.
Тәнім қалып, жанымды
Алып кеттің деп ұқтым.
Ұстай алмай барымды,
Қалып кеттім деп ұқтым,
Деп ұқтым да деміктім.
Қалтыратып қалпымнан,
Жігерімді жасыттың.
Әйтсе-дағы артыңнан
Асып-тағы, сасып-тым.
Тез жетуге асықтым.
Көріп барып өзіңді,
Түсті орнына көңілім.
Ет жүрегім езілді,
Сен екенсің серігім –
Бөлінбейтін бөлігім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сен Таразға кеткенде өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Сен Таразға кеткенде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сен Таразға кеткенде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сен Таразға кеткенде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері