Тас жастанып

Бұл бетте «Тас жастанып» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.02.2021
  • 0
  • 1
  • 948
Тас жастанып,
Құз-шатқалды шарладың,
Соңыңа ерген құмай тазы –
Арланың.
Құрсағынан ен даламның туып ең,
Өзгеше ғой, мүлде өзгеше
Арманың.
Сайымбөлек,
Сарқыраған Бүйенің,
Ұғып өстің не екендігін киенің.
Нұрхат сендей жампоз жігіт болмайды,
Көтеретін жүгін жалғыз
Түйенің.
Тілін білдің иттің, құстың
Таңданам,
Көңіліңді қылаудай кір шалмаған.
Бүркіттіге
Ұя басқан сен қыран,
Елітеді,
Қазақша бір салған ән.

Мият тапсаң –
Тек даладан табасың,
Жұлдызыңды шың басына жағасың.
Сілеусінді қолмен ұстап
Жүрсің сен,
Үзеңгімен аю соққан нағашың.
Қоянкөздің құлжасысың
Құлпырған,
Алатаудың ақ шыңысың
Бұлт ұрған.
Өзің жап-жас болсаңдағы
Естілер,
Тамсандырып,
Әңгіме-аңыз сыртыңнан.
Таусылған ба,
Қай кезде де ер ісі,
Жүрген сайын кеңейеді
Өрісі.
Сен кәдімгі жақын менің досымсың,
Қарт Жоңғардың
Қасиетті перісі.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тас жастанып өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Тас жастанып өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тас жастанып өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тас жастанып өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері