Алаштың жарық жұлдызы – Лұқпан Сисекенұлы

Бұл бетте «Алаштың жарық жұлдызы» атты Лұқпан Сисекенұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.06.2019
  • 0
  • 0
  • 4036
(Мағжан Жұмабаев рухына)

Жырыңда мұң, егіз біткен еліммен,
Бірге өксіп, бірге жылап егілген.
Ғасырларда бір туатын ұлы ақын,
Омырауынан отты жырлар төгілген.
Заманында уақытпенен бір түлеп,
Халық үні дауысында күмбірлеп.
Келер күнге аласұрып жар салған,
Жүректерге күй толтырып, күнге өрлеп.
Өлең сөзді теріп асыл маржандай,
Сен сайрасаң асыл сөзбен бұлбұлдай.
Қайрат бітіп өн бойына қалың ел,
Қуаныпты алдынан күн туардай.
Көңіл атын шуағымен маздатып,
Жырларыңды дұға қылып жатқа айтып.
Сіңіріпті ұрпағының қанына,
Есімдерін Мағжан қойып гүл атып.
Күншілдердің кімге тимес кесірі,
Жырлайды деп, Қорқыт баба ескіні.
Жала жауып, көз ашпапсың айдаудан,
Сұм ажалға тіке тіреп төсіңді,
Қызыл дауыл өшірмек боп үніңді,
Абақтыға жауып қанша бүлінді.
Мойымадың қайсарлықпен сен бірақ,
Нар халқыңа жырдан сыйлап гүліңді!
«Мен өлмеймін, менікі де өлмейді,
Надан адам өлім жоғын білмейді.
Өзім патша, өзім қазы, өзім би,
Қандай ессіз не қылдың деп, тергейді.
Не көрсем де Алаш үшін көргенім,
Маған ыстық ұлтым үшін өлгенім.
Мен өлсем де алаш өлмес көркейер,
Істей берсін қолдарынан келгенін.»
Осы болды берген жауға жауабың,
Ақты қара –деп, соқса да заманың.
Болашаққа, парасатқа сендің сен,
Шыңнан биік асып ұшқан қыраным!
Өшпес мұра сыйға тартып жеңісті,
Ұрпағына із қалдырған жемісті.
Мағжан ақын жырларынан дән алып,
Қызғалдаққа бөленгендей жер үсті!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алаштың жарық жұлдызы өлеңінің авторы кім?

Лұқпан Сисекенұлы — осы өлеңнің авторы.

Алаштың жарық жұлдызы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алаштың жарық жұлдызы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Лұқпан Сисекенұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алаштың жарық жұлдызы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері