Өлең, жыр, ақындар

Шаршадым талай – шарпылдым

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 775
Шаршадым талай – шарпылдым,
Аңсадым талай – шарқ ұрдым.
Тасыдым талай – сарқылдым,
Жасыдым, мұңға шарпылдым.
Сөйледім талай – шешілдім,
Сермедім талай – көсілдім.
Өзгеге айтпай мұңымды,
Өлеңге ғана көшірдім.
Толыстым – талай арыдым,
Торықтым – қашан жарыдым?!
Кеудемді кеулеп кіріп ап,
Аяздай қатты қарыдың.
Құладым – талай аһ ұрдым,
Жыладым – талай бақырдым.
Жүректі жиі жаралап,
Басымды әбден қатырдым.
Құмартып талай – басылдым.
Мұнартып талай – ашылдым.
Тауларға арқа сүйедім,
Шыңдарға барып асылдым.
Мөлдіреп тұнып – төгілдім,
Елжіреп тұрып – егілдім.
Қасірет тартқан арбаның
Қамытын киіп – жегілдім.
Таластым талай – тақастым,
Адастым талай – шатастым.
Жап-жарық күннің өзінде
Ішінде жаттым қапастың.
Сонда да мейлі – сынбадым,
Сонда да мейлі – тынбадым.
Қаймығып, қорқып – қыңбадым,
...Мұңайта алмас мұңдарым!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шаршадым талай – шарпылдым өлеңінің авторы кім?

Серік Тұрғынбеков — осы өлеңнің авторы.

Шаршадым талай – шарпылдым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Шаршадым талай – шарпылдым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Тұрғынбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шаршадым талай – шарпылдым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері