Өлең, жыр, ақындар

Күндер өтті

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 574
Күндер өтті –
Қиналған, назаланған.
Көрер көзге қор болған, қаза болған.
Ағалардың аруағы елестейді,
Жазықсыздан-жазықсыз жазаланған.
Құтылады кім қашып кеселіңнен,
Жаңыламын тал түсте есебімнен.
Түні бойы шығамын кірпік ілмей,
Кейде шошып оянам төсегімнен.
Біреу соғып жатқандай шырқыратып,
Сай-сүйегін кісінің сырқыратып.
Жылатқандай зарлатып, еңіретіп,
Құлатқандай шетінен қырқып атып.
Үсті-басы сарыала – сұсты кілең,
Шыға келер шұбырып «штыгымен».
Жалаңаяқ айдайды аямай-ақ,
Ылғи істік шегенің үстіменен.
Күндер өтті –
Құр босқа кінәлаған,
Артып түсті тепкісі – сынағы одан.
Бес-алты адам болса егер,
Бірсәрі ғой,
Қиын екен бүкіл ұлт ұнамаған.
Күндер өтті...
Осылай күндер өтті.
Кейінгіге қалдырып мың деректі...
Табан ақы, маңдай тер,
Атқарған іс,
Ақырында –
Зая боп, кімге кетті?!
Бара жатыр осылай ісім де оңбай,
Таяқ жеген «кәпірден» мұсылмандай.
Осы айтқаным,
Ой дүние, өтірік боп,
Өңім емес,
Түп-түгел түсім болғай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күндер өтті өлеңінің авторы кім?

Серік Тұрғынбеков — осы өлеңнің авторы.

Күндер өтті өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Күндер өтті өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Тұрғынбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күндер өтті өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері