Қор болды жаным

Бұл бетте «Қор болды жаным» атты Абай Құнанбайұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.04.2015
  • 1
  • 4
  • 38926
Қор болды жаным,
Сенсізде менің күнім,
Бек бітті халім,
Тағдырдан келген зұлым.
Тағдыр етсе алла,
Не көрмейді пәнде?

Сайрай бер, тілім,
Сарғайған соң бұл дерттен.
Бүгілді белім,
Жар тайған соң әр серттен.
Қамырықты көңіл,
Қайтсе болар жеңіл?

Сағындым сені,
Көрмедім деп көп заман.
Адам деп мені,
Салмадың сен хат маған.
Жай таба алмай жүрек,
Жасыған соң сүйек.

Бұл қылған зарым
Барса жардың маңына,
Ол - қылған дәрім
Ғашығымның жанына.
Оңалдырып ойды,
Түзетпей ме бойды?


Пікірлер (4)

Акмарал

тамаша керемет мағыналы өлең екен

У

Жаксы

Қ.Айзере

Күшті маған ұнады

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қор болды жаным өлеңінің авторы кім?

Абай Құнанбайұлы — осы өлеңнің авторы.

Қор болды жаным өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қор болды жаным өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абай Құнанбайұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қор болды жаным өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері