Өлең, жыр, ақындар

Арман Дүние

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 743
Арман Дүние,
Артар жүгің аз ба еді,
Айтатының өкпе ме еді – наз ба еді?
Айдыныңнан баяғыдай ұшатын,
Аққу ма еді, әлде үйрек-қаз ба еді?
Менің әлі көншімейді көңілім,
Сол баяғы дүниенің таз кебі...
Тату болмай,
Қату болса қалың ел.
Тіршіліктің ұстап қалар безгегі.
Өзін сыйлап жарытпаған ағайын
Өз қасына тарта алмайды өзгені.
Басқалардың ақыл-ойын қорытпас
Болмаған жан жүрегінде өз кені.
Баяғыдан жібек тұтып жүргенің
Бояуы оңып, түсі қашқан бөз бе еді?!
Босқа кетті құмға сіңген судай-ақ,
Бұған дейін байқағаны, сезгені.
Қырын қарап жүрді қырғыз туысқан,
Өбектемей өз ағасы – өзбегі.
Болды жалғыз орыс – бауыр, орыс – дос,
Қарашықтай қорғап қалар көздегі.
Сол баяғы сары аязы ақпанның,
Айдарыңнан есер емес жаз желі.
Ағайынға ештеме де жетпейді
Араласқан алас-күлес кездегі.
Бәрін өлшеп, бәрін пішіп шығарар
Төрт құбыла – дүниенің безбені.
...Аштан өлмей,
Көштен қалмай әйтеуір
Тірі болып жүргеніне мәз көбі!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Босқындар

  • 0
  • 0

Көрмеп ем
Түс шайысып ешкімменен,
Бәрімен жан біткеннің доспын деген
Пікірім бір-ақ күнде быт-шыт болды,

Толық

Сені ойласам

  • 0
  • 0

Сені ойласам –
Кетеді еркім мүлде
Сертің бірге болған соң –
Дертің бірге.

Толық

Ауылға барсаң, қиыр бар

  • 0
  • 0

Ауылға барсаң, қиыр бар,
Жүректің болар сол емі.
Өрістен қайтқан сиырлар
Өлеңін айтып келеді.

Толық

Қарап көріңіз