Шəйы сиса, асыл қылыш – ердің көркі – Шал Құлекеұлы

Бұл бетте «Шəйы сиса, асыл қылыш – ердің көркі» атты Шал Құлекеұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Шəйы сиса, асыл қылыш – ердің көркі,
Ер жігіт жауға аттанған елдің көркі,
Жарасар əрбір нəрсе өз сəнімен,
Акқу құс – айдын шалқар көлдің көркі.
Гүл шешек орман өсіп желкілдеген,
Биік тау, асқар төбе жердің көркі,
Ағайын бір уақыт жақсы болса,
Сонымен табылады елдің көркі...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері