Жаманатқа жоламан, жаманатқа – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Жаманатқа жоламан, жаманатқа» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 27.08.2020
  • 0
  • 0
  • 1592
Жаманатқа жоламан, жаманатқа,
Жазығым жоқ, сен маған жала жаппа!
Алтын жүзік қолыңа салу үшін
Мен біреуді оқталман тонамаққа.
Жүзік салмай өтерсің көп болғанда,
Қанағатсыз көңілде тоқтам бар ма?
Адам бар ма бізден бай, бізден жомарт
Бір ауыз жыр көңілге дәт болғанда?..
Кім біледі боларын қалай-қалай,
Көңіл зауқы соқпайды қалай қарай.
Қазына – кеудем, қорқамын көздің құрты
Түсіп кетсе үңгір деп абайламай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері