Тағдыр толғауы

Бұл бетте «Тағдыр толғауы» атты Тәкен Әлімқұлов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.12.2020
  • 0
  • 0
  • 1632
Теректей тәкаппарға Тәкен едім,
Момынға балдырғандай бәкене едім.
Жаһанға жалғыз аяқ салдым соқпақ,
Шиырын сағынбай мен әкелердің.
Тай мініп талдан жаста болдым кезбе,
Кез келдім кейде қисық солғын тезге.
Бүк түскен бөгесіндер берісті жол
Қылыштың жүзіне ұқсас қыли көзге.
Сапардың тәуекелін барладым мен,
Қиялмен жердің шарын шарладым мен.
Отанның шаттығына салып сайран, –
Мұңына жетімектей зарладым мен.
Білгем бе ем талайыма сын керегін,
Көңілім, түссе тұман, тым зерегін?
Дауылда көп теңселтті жойқын кеме,
Бірге ердім ұлы еліме, бірге еремін!
Жіктемей аға қайсы, іні қайсы,
Тірліктің өрмегінің тіні қайсы,
Ұтыстың билетіндей шыққан жалғыз
Ақынның, енді бақсам, міні қайшы!
Теректей тәкаппарға Тәкен едім,
Момынға балдырғандай бәкене едім.
Көп көрдім жақсының мен шарапатын,
Өткелін кешерде ағат қателердің.
Жыр болып ақ қағазға құйылысым –
Атқарған көзге қораш қиын ісім.
Егіздің сыңарындай баршаңызға –
Өмірге сүйінішім, күйінішім!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тағдыр толғауы өлеңінің авторы кім?

Тәкен Әлімқұлов — осы өлеңнің авторы.

Тағдыр толғауы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тағдыр толғауы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тәкен Әлімқұлов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тағдыр толғауы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері