Найзағай – Сағи Жиенбаев

Бұл бетте «Найзағай» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1510
Айналып қызыл жалынға,
Қақ айырып қара түнекті,
Жарқ ете қалған шағында,
Жартастың төсі дір етті.
Қауқиып тұрған жаңағы –
Қалмады зәре түк талда.
Түнеріп келген қабағы –
Тентіреп кетті бұлттар да...
Қарама, бауырым, сен жерге,
Қуатың болса, басып қал,
Жарқылдап өзің келгенде,
Жасқанып қалсын жасықтар.
Қуатын күннің алам деп,
Қыран боп сонау биікке ұш.
Нашар боп тусаң амал не...
Найзағай болсаң, қиып түс!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері