Туған жер – Сағи Жиенбаев

Бұл бетте «Туған жер» атты Сағи Жиенбаев жазған туған жер туралы өлең берілген.

  • 28.07.2021
  • 0
  • 0
  • 3001
Сенде тұңғыш жүрдім де,
Сенде тұңғыш құладым.
Сенде тұңғыш күлдім де,
Сенде тұңғыш жыладым.
Іңгәлаған үнімді
Сенің дөңің тыңдаған,
Естімеген жырымды
Сенің желің жырлаған.
Көзімді ашып алғанда,
Сенің қырың көргенім.
Қырға тұңғыш барғанда,
Сенің гүлің тергенім.
Тұңғыш рет шөлдесем,
Сенің суың ішкенім.
Тұңғыш рет терлесем,
Сенің көлің түскенім...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері