Үміт туралы ода – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Үміт туралы ода» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1221
(аударма)

Тұрмын жалғыз жағада
ымырт кезде.
Шарықтайды далаға
үміт-кезбе.
Толқын ұқсас
желпінген
жүзімдікке;
аспан жалғыз,
кемпірдей
қызын күткен,
мынау теңіз, аспан да,
кеңістік те,
сонау қоңыр тастар да,
егістік те,
дәу толқын да жамылған
ақ шәліні,
бүршігінен жарылған
бақша гүлі,
батар күннің солғындау
сәулесі де,
маужыраған торғын бау,
ән кеші де,
теңіз, құстар -
көңілді үн,
құйғыт кәні,
бәрі осының - өмірдің
сыйлықтары -
толтырады жанымды,
қуантады,
туғызардай жалынды
бір ән тағы.
Күресте де, күнде біз
барда үміттер
сумен ылғи біргеміз
мәңгілікке.
Толқын
жаға - жарлыны
жұбатады:
«Үмітіңнің барлығы –
гүл атады».

ПАБЛО НЕРУДА


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері