Күтемін сені

Бұл бетте «Күтемін сені» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1648
Төлеген Айбергеновке

Қанша рет көрдің...
Қанша рет келдің үйіме,
Өсірдің қанша...
Қосылдым қанша күйіңе?!
Мен әлі сені
Сәбидей күтем, Жаңа күн,
Мен әлі саған
Сәбидей сенем, Дүние!
Тауларым да әлі,
Аспаным да әлі жап-жаңа,
Жаңа бір күннің
Жас иісі бар қарда да.
Сипайды баяу
Балауса жүзін даланың
Жап-жаңа ғана
Тараған жұпар таңғы ауа.
Көктем де келер,
Көк ала бұлттар көшер кеп,
Оранып шыққа,
Көздерін ашып өсер көк...
Далама менің –
Мен бұрын әсте көрмеген
Бір ақ жаңбырдың
Құятыны анық нөсерлеп.
Желменен бірге
Тербелген талай сиқырлы ән,
Кезі жоқ менің
Қырымда бір сәт күй тынған...
Мен бұрын әсте
Естімей жүрген дауысын,
Бір аққу-қаздың
Оятары анық ұйқымнан.
Күтемін соны,
Күтемін сені түн қатып,
Сәбидей сеніп,
Жүрегімді аттай тулатып...
Әзірге мейлі
Алыстап жүрсін ол менен
Әйтеуір маған
Келетін анық бір Бақыт!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күтемін сені өлеңінің авторы кім?

Сағи Жиенбаев — осы өлеңнің авторы.

Күтемін сені өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күтемін сені өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сағи Жиенбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күтемін сені өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері