Ішіңізді жол бар ма араларға – Тәкен Әлімқұлов

Бұл бетте «Ішіңізді жол бар ма араларға» атты Тәкен Әлімқұлов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.12.2020
  • 0
  • 0
  • 860
Ішіңізді жол бар ма араларға,
Көзбен безін қайыңның жараларға;
Көкжиектің шегіндей құлпырасыз,
Дөңгеленсе дүние, шара бар ма?!
Желше үйірсе жер шары амалым жоқ,
Ән сыңсытқан аққуға залалым жоқ.
Бейне әуенім толқынды радио,
Қоңыр жаздай көңілімнің самалы көп.
Досқа мұңын назды ақын майда шағар,
Арыстанша ширықса айға шабар.
Соқпақ саны жырымның жадымда жоқ,
Пенде емеспін желсөзден пайда табар.
...Ішіңізді жол бар ма араларға,
Алтын-жезін көкіректің сараларға?
Түбін көрген теңіздің теңізші жоқ,
Мен қайтейін, дариға, шара бар ма?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері