Көкжиекке бір ымырт қонды келіп – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Көкжиекке бір ымырт қонды келіп» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 27.08.2020
  • 0
  • 0
  • 1325
Көкжиекке бір ымырт қонды келіп,
Жарық дүние тағы бір күнді ұрлатты.
Жалқын сәуле жарығы жонды бөліп,
Сәл қозғалған селеулер діріл қақты.
Бозторғайлар шырқаған талықсып үн,
Қоңыр қырлар қайтадан қалғыды енді.
Қайтсін дала, қарсы алды таныс түнін,
Тағы асыға күтеді таңғы желді.
Күннің нұрын іңір кеп жасқаса әрі,
Байтақ дала бей-жай-ау белі мүлдем.
...Ымырт пенен таң алды астасады
Жұлдыз туып жұлдыздар сөнуімен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері