Өлең, жыр, ақындар

Тура келем

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2279
Тура келем, оңға-солға бұрылмай,
Әз әзілдің «қақпанына» ұрынбай.
Еске аламын бұлдыр бала кезімді,
Енесінен ерте айырған құлындай.
Өтті-кетті ол күндерден жоқ белгі,
(Тез солады қызғалдақтар көктемгі).
Сезінбедім әке алақан жылуын,
Қайтем енді - қатал тағдыр көп көрді.
Көңілдегі мұңды ақылмен аршыдым,
Жалғаны бұл айтқаным - бар шыным.
Көген түп боп қалған ұрпақ біз мына,
Көлгірсіген құрбыларға қарсымын!
Өмірімнің көбі кетіп, қалды азы,
Белгілі ғой, белгілі ғой аржағы.
Қымбатымнан қалып тұрмын көз жазып,
Қу тірліктің көлбеңдейді арзаны.
Caп, caп, көңілім, сабаңатүс, тежелгін,
(Бұл халімді сырт көздерден сезер кім?..)
Жылдар жүгі еңсемді езіп тұрса да,
Қара нардай қайыспаспын, төзермін!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Немере

  • 0
  • 0

Мені күнде қуанышқа бөлеген,
Тәй-тәй тұрып келе жатыр немерем.
Күндіз естен, түнде түстен шықпайды,
Тәтті еді, тәтті еді не деген!

Толық

Жүрегімді шымшылап...

  • 0
  • 0

«Нұрлы өмірден көсіп алар аздай жыр, -
Дер біреулер, - көптен өлең жазбай жүр.
Төбесінен айналды ма шабыт-құс,
Қайтып жатқан ққздай бір».

Толық

Кішілік

  • 0
  • 0

Шығарып күміс кірпік Күнді іргеден,
Өткенін жиырма бестің білдірмеп ең.
Қырыңда қалған жалын шағымды ойлап,
Жайым бар сезім отын күнде үрлеген.

Толық