Өлең, жыр, ақындар

Түс жорыту

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2207
Жылан еніп шықты бүгін түсіме,
Жүр екенмін ордасының ішінде.
Қоршайды екен жан-жағымнан жалаңдап,
Ирелеңдеп, долылықтан ісіне.
Ине көздер жанарыма қадалып,
Арбайды екен, бір ызғардың бары анық.
Сумаңдатып, зәрлі айыр тілдерін,
Осы қазір кететіндей жан алып.
Қатты шошып ояндым мен ұйқымнан,
Бас айналып кеткендей бір сиқырдан.
He болды деп сұрап жатыр үй-ішім,
Бір секем aп менің мына сиқымнан.
Айналама алақ-жұлақ қарап aп,
Айтып бердім түсімді мен саралап.
Анам, жарым, балам ойлы пішінде,
Қалай жорыр - түсті неге баламақ?
Балам айтты: «Әке, тыңда сөзімді,
Жылан деген жәндік қой бір төзімді.
Өмір бойы ауырмайтын шығарсың».
(Сөздерінен балаңдығы сезілді).
Жарым айтты: «Мансап деген бір шынар,
Оған шықсаң, дұшпандарың тұншығар.
Өскеніңді көре алмай күндейтін,
Жылан деген сумаңдаған тіл шығар».
Анам айтты: «Екеуің де таппадың,
Өткінші ғой мансап, дәулет, бақ, тағың.
Жылан еніп шықса, балам, түсіңе,
Қош айтысты еш алаңсыз шақтарың.
Бұл сөзімді қалай түсін, өзің біл,
Азаматсың көкірек - нұр, көзің - нұр.
Қайыспастан атан жүгін көтеріп,
Аталы сөз айтатұғын кезің бұл!»



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Халық ақыны

  • 0
  • 0

«Талай жерде шаққанмын,
Сөз асылын таққанмын.
Шығып едім соңынан,
Қашаған, Нұрым, Ақтанның».

Толық

Құрдастар

  • 0
  • 0

Болдық біз де бір кездерде қыз, жігіт,
Сүйдік, күйдік кереметтей үздігіп.
Енді, міне, көктем өтті, жаз кетті,
Төрге шықты, егделіктей күз кіріп.

Толық

Әке

  • 0
  • 2

Алға қарай басып келем нық қадам,
Дауылдарға арқа тосып ықтаман.
Әке, өзің от кешуге кеткенде,
Сәби екем қырқынан да шықпаған.

Толық

Қарап көріңіз