Түс екеш – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Түс екеш» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2173
Қос жанар сурет түсіріп,
Көңілім бәрін қаттайды.
Ой - қазан өлең пісіріп,
Сарқылдап, тағат таппайды.
Беймаза осы ісіммен,
Өтеді уақыт ұрланып.
Түс екеш, достым, түсімде,
Жүремін ылғи жыр жазып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері