Алпыстан асқан жас болмас

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Алпыстан асқан жас болмас,
Жөн табар мың бір тілегің.
Арулар аса қас болмас,
Ұрлата салар жүрегін.
Жетпісте жүрдім желпініп,
Жас емес, әрі-сәрі боп.
Қалса да жылдам жел тиіп,
Серілік бітпес нәрі көп.
Сексенге жеттім серпіліп,
Тағдырдан көрмей тапшылық.
Қалғам жоқ оқыс мертігіп,
Сабада сарқыт баршылық.
Қызуын шабыт жоймаймын,
Тергендей еңлік гүлдерді.
Сөз қазған сәтте ойлаймын
Жез қазған кенші күндерді.
Тірліктен қалмас көңілім,
Болса да жүрек жаралы.
Ендігі өлең-өмірім
Тоқсанға көзін салады.
Толағай қоймас санаспай,
Тоқсанның қалың орманы.
Тоғайдан сол бір адаспай,
Толғанып өтсем болғаны.

17.03.2012.
Астана


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алпыстан асқан жас болмас өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

Алпыстан асқан жас болмас өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Алпыстан асқан жас болмас өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімбек Салықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алпыстан асқан жас болмас өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері