Жастар жыры – Баянғали Әлімжанов

Бұл бетте «Жастар жыры» атты Баянғали Әлімжанов жазған жастар туралы өлең берілген.

  • 05.05.2020
  • 0
  • 0
  • 3236
Жастық жалын бойымызда,
Асқақ арман ойымызда,
Біз келеміз...Жаңа дәуір!
Алаш туы қолымызда.

Қайырмасы:
Көкке самғап қыранымыз,
Көпке жеткен ұранымыз,
Көкжиекке көз жүгірткен
Біз қазақтың ұланымыз!

Жас толқынбыз, айдыны кең,
Жер – жаһанмен айбыны тең,
Жұлдыздарға құшақ жайып,
Ой бөліскен ай, күніңмен.

Қайырмасы:

Біз жастармыз, жүзі жарқын,
Ардақтаған туған халқын,
Үндестірген бар әлеммен,
Еліміздің ізгі салтын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері