Өмір шіркін-ай! – Баянғали Әлімжанов

Бұл бетте «Өмір шіркін-ай!» атты Баянғали Әлімжанов жазған өмір туралы өлең берілген.

  • 05.05.2020
  • 0
  • 0
  • 3003
Таңғажайып дүние,
Таңғалдырып келесің.
Дүниеге кім ие,
Ойландырып келесің.

Қайырмасы:
Күн қадірін білейік,
Түн қадірін білейік,
Ойнап –күліп жүрейік,
Ойлап өмір сүрейік!
Ән қадірін білейік,
Сән қадірін білейік,
Дәм мен демнің барында,
Жанға бақыт тілейік!

Өткінші деп өмірді,
Өкінуге асықпа,
Өткен күнің – қас-қағым,
Келешегің қашықта!

Қайырмасы:

Көңілімнің күйі деп,
Өткен күнді қимадым,
Тәңірімнің сыйы деп,
Келер күнді сыйладым!

Қайырмасы:


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері