Өлең, жыр, ақындар

Сансыз сұрақ?

Бұл фәнидің күйбелеңі біткен бе?
Әлде ақын сезім сырын шерткен бе?
Кеудедегі толқынысын ақтарып,
Бір періште жеңілдеп те кеткен бе?!?

Адамдарда адамшылық қалған ба?
Жасап жатыр құйтырқылық ғаламға.
Ақпараттың ақ алаңын қарайтып,
Қамсіз біреу өз пайдасын ойлау да.

-Жоқ,өмірде түрлі бәле шыққан ба?
Қаптап жатыр мияу қарға алаңда.
Жемін алып жемтігін жеп аяулы,
Дәл өзінше алтынсымақ болған ба?

Бір шибөрі көжекке көз салған ба?
Білген затын істеп жатыр арамза.
Санасының уланғанын байқамай,
Ең ақыры үсті батпан болған ба?

Гауһар көріп Есек жолдан тайған ба?
Есек емес ол жылқы еді алдында.
Тар қапастан қайта босап шығып ап,
Бәрібірде сол әніне салған ба?

Күйсіз түлкі ащы судан алған ба?
Сөйте тұрып өз саулығын құртқан ба?
Алдын артынан ойға салмай жүріп қап,
Маңындағы серіктесін жұтқан ба?

Әлде пенде арам қағаз ұтқан ба?
Сол байлауға дүние мүлкін салған ба?
Балсыз шөптің азартына кіріп ап,
Торлы темір азабын да тартқан ба?

Табиғатты аямайтын болған ба?
Көрікті шар қоқыс елі болған ба?
Күннен күнге көнерді ғой жер ана,
Айтшы,айтшы кім кінәлі бұған да?

Сұрақ бітпес жауап біреу тағысын,
Өлең етіп жазғанымның бәрі шын.
Қазіргі кез қоғамдағы бар жайт,
Адам деген атағына әлі сын.

Шашу емес топырақты бәріне,
Бар ондайлар айналада әлі де.
Жаздым бұны жұмбақ етіп елуге,
Шақырамын адал іспен жеңуге.
(С)Еркебұлан Серімханұлы



Пікірлер (2)

Модератор

Сайысқа қосу үшін - bilim2019 - деген ілмек болу керек.

Егер қосқан өлеңде бір қате болса, "Қалам"-ды басып өлеңді өңдеуге болады.

Гульден

Мықты!

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз