Хат-Хабар
Перне тақта пәрмендерін самсатып,
Екі қолдың саусақтарын шаршатып.
Ойларыңмен қызығыңмен алмасып,
Хабарласқың жадыратып,аңсатып.
Бұл фәнидің күйбелеңі біткен бе?
Әлде ақын сезім сырын шерткен бе?
Кеудедегі толқынысын ақтарып,
Бір періште жеңілдеп те кеткен бе?!?
Жүректі ұстап мұң айтып,
Неге? бұлай демегің.
Қара көзді қарындас,
Ауырмасын жүрегің.
Бұл өмірде өзгелермен күреспедім,
Алысып,жұлысыпта, тіреспедім.
Күрескенмін мен дағы Өзімменен,
Бәрібір чемпиондыққа ілеспедім.
Өтірік,сұмдық,қулық,аштық,
Ібілістің туысы-жарамастық.
Мұның шегін білмесе,
Ол адамға бастық.
Бесігім еді ауылым,
Әлдилеп мені тербеткен.
Бар ойын, күлкі, сауығым,
Бал кезім,нәрім сонда өткен.
Қош келдің, жиырма бір жас,
Кел төрлет, қонақ болып кет.
Мына менің зуылдаған күндеріме,
Бір жыл келіп патшалықпен әмір ет.
Біреу-биік, біреу- құзда, алыста,
Біреу-шыңда,біреу-белде, ғарышта.
Бұл дегенім сана-ақыл өлшемі,
Қадам бассаң руханияттан адаспа.
Ақ халатын, тағдырына байлаған,
Өмір-теңіз толқынына мойымаған.
Талай уақыт арман еткен кәсібін,
Жүрегімен жақсы көрген жайсаңнан.
Myrza
Өте керемет!лаура
өте кереметМапоқ
Өлең топ бірақ өте ұзақ және азЖұмагүл
Үрмебұршақ қанша күнде өседіЖауқазын
Өлең