Хат-Хабар – Еркебұлан Серімханұлы

Бұл бетте «Хат-Хабар» атты Еркебұлан Серімханұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Хат-Хабар
Перне тақта пәрмендерін самсатып,
Екі қолдың саусақтарын шаршатып.
Ойларыңмен қызығыңмен алмасып,
Хабарласқың жадыратып,аңсатып.

Әсеріңмен,қуанышпен бөлісіп,
Бейнехабар жасап тұршы көрісіп.
Менде,сізде бөленейік шаттыққа,
Мейіріммен ақ-пейілің төгісіп.

Хат жазып тұр,әлдеңеден шаршасаң,
Айтарыңды айтып таста қаласаң.
Ренішіңмен ашуыңды сейілтіп,
Жабырқаулы қөңіліңе дем салсаң.

Хат жазып тұр,сырларыңды байласаң,
Не істеріңді білмей жүрсең, қиналсаң.
Іштен тынба, ол-дерт болып жиналар,
Тәуір-бауыр,сырласың ғой аға жан.

Хат жазып тұр,жаңалықты жинасаң,
Өз-өзіңе іштей жанып сыймасаң.
Жеңілдеп қал, меніменен сөйлесіп,
Марқайтамын күні-түні,әрқашан.
© Еркебұлан Серімханұлы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Хат-Хабар өлеңінің авторы кім?

Еркебұлан Серімханұлы — осы өлеңнің авторы.

Хат-Хабар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Хат-Хабар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Еркебұлан Серімханұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Хат-Хабар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар