Наз
Білмеймін,неге екенін,
Адамға адам-өкпелі.
Пенде емес өмірге де,
Менде сіз де-өкпелі.
Жаумады деп аспаннан,
Нұрларынан төкпелі.
Шаршатты деп тіршілік,
Қиырлардан өтпеді.
Неге?неге?бұлай болды,
Бақ қашан кеп қонады.
Дей жеп жанын жегімнен,
Жабық торға салады.
Сол иықта ылғи тұрады,
Ібілістің араны.
Иттей үріп азғырады,
Алғызады аланы.
Еркі жоқтар ілеспелі,
Қате жолды табады.
Солай-солай тағы-тағы,
Тырнай берер жараны.
Адасқанын,арбалғанын,
Білмей дағы қалады.
Абзалы сол тыңдау дұрыс,
Періштелі қанатты.
Уақыт деген зымыран,
Аумалы да төкпелі.
Болмашы бір кедергі,
Өтпелі ғой өтпелі.
Қарап көріңіз
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі