Өлең, жыр, ақындар

Өзіме

-Жүрегім
-Жарқ етші, сәулесі бар күнімдейін,
Немесе найзағайдай шаншу дейін.
Бұл сөзді өзгеге емес,өзіме айтам,
Ей,жүрегім мен саған сөнбе деймін.

Сөнбеші сен,әлде кімнің ықпалынан,
Күдері үзбе,мәңгілік махаббаттан.
Болар болмас,болмашы кедергілер,
Оның бәрі уақытша қапа болман.

Қу,тірліктің біткен бе? оңы солы,
Онсыз тірлік өрлемес кірмес өңі.
Саған риза аймен жер және адам,
Сенде мейірім барына куә бәрі.

Сағынышпен сарғайма сезіміңмен,
Тағы келіп жаулайды, шырайымен.
Тең келер егізіңді тауып алып,
Сырласарсың бетпе-бет жүзіңменен.

Барында бағалағың жүректерді,
Ол байқаусыз адасса сабыр етші.
Қателеседі пенденің барлығы да,
Кешіріммен қарағың кең пейілді.

Пәрмен берді,бастағы ақыл ойым,
Кетпесін деп жетелеп әрбір уайым.
Ақылыма бағыншы ей,жүрегім,
Соға бер де тоқтама кеуде жаным.

II
Жүрегім,адастырма бар жолдарда,
Нұсқашы биік шыңға,Алтай тауға.
Куә болсын бәріде мына сенің,
Күрескер екеніңе,алдағыда.

Бір сәттік, өз-өзіңнің құлқың үшін,
Айналаңды ренжітіп елес қума.
Жаратқанға сиынып еркіңменен,
Тәубеңе кел,шүкір ет,иман сақта.

Қалауыңа жетем деп оңайлықпен,
Көрдім деп алтыныңды текке тайма.
Бүгінді емес ертеңді ойла,жалқауланба,
Еңбек жолын таңдағың дамыл таппа.

Әр лүпілің деп сосын елім,жерім,
Жақын жаран,отбасың және теңің.
Адамменен адамша тілдескенің,
Сол ғой сенің сегізінші кереметің.

Жылдар айлар өтеді,сырғанаумен,
Уақыт бәрін өзгертер қалауымен.
Өзгергенде өмірде,ей жүрегім,
Даралыққа бағыт ал сенімменен.

Өзгер,өзгер сен өзгер жаңа күнде,
Жан сарайым ақтарыл жаңғырумен.
Пайда тигіз біл бәрін артық болмас,
Кедергіні жеңе жүр күшіңменен....
(С)Еркебұлан Серімханұлы



Пікірлер (1)

Модератор

Сайысқа қосу үшін - bilim2019 - деген ілмек болу керек.

Егер қосқан өлеңде бір қате болса, "Қалам"-ды басып өлеңді өңдеуге болады.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз