Пейзаж
Бұл бетте «Пейзаж» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Табиғаттың күйі көп,
Табиғаттың сыйы көп,
Көздің жауын алатын
Бұл не деген құдірет?!
Орман салдым толы ағаш,
Қайың, терек аралас.
Үйді салдым, жанында
Жалғыз өскен қара ағаш.
Досым менің байсалды,
Мөлдіретіп көл салды.
«Қандай ғажап пейзаж?» – деп
Көршім көріп, тамсанды.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі