Эссе және өлең-жыр байқауы

Мама туған күнімен құттықтау, тілек

Қымбатты мама!

Бұл күнде сізге перзенттік махаббатымыз жүрек түпкірінде әрдайым тербетіп жүретін ең ізгі де ыстық сезімімізді білдіргіміз келеді. Тағдырдың жазуымен бұйырған бес тал гүліңізді бір өзіңіз аялап, бізді жеткізсем деп талай күндеріңіз бен түндеріңізді күлкісіз де ұйқысыз өткізгеніңіздің қандайлық азап екенін алдымыз балалы болып, соңымыз сізге күйеу бала мен немере қуанышын сыйласақ деген ойда жүргенде жете түсінгендейміз. Содан да болар, жан-жаққа тарап кетсек те есіл-дертіміз өзіңіз жылытып отырған алтын ұямызда, «алтындарымның бірі келіп қалар ма екен», деп үлкен жолға үнемі көз тігіп жүретін өзіңізде. Торыққанда — ақылшымыз, жабыққанда — сағынышымыз, өзіңізсіз. Мынау өмір сіз арқылы қызық, мағыналы, қымбат. Құдай сізге алдағы кезде тек бақытты ғұмырын бергей.

Әлпештеген, аялап асыраған,
Аяулы ана, ақ ниет асыл адам.
Ұрпақ үшін тірлікке нұрын төккен,
Қиын-қыстау күнде де жасымаған.
Сыздағасыз,
Сан рет мұздағасыз,
Шәкіртке де,
Бізге де ізгі анасыз.
Бағымыздың бұлбұлын сайрататын,
Жанымыздың жайлауы Сіз ғанасыз.
Лаулаймыз да, Сіз барда жанамыз да,
Қосып сізді сан әнге, сан аңызға.
Аялаған аққуын айдындай боп
Асыл Ана, жүре бер арамызда!

* * *

Аяулы Ана! Шығар шыңдарыңыз, бағындырар биіктеріңіз, алар асуларыңыз көп болсын! Әрқашан Алланың назарында, бақыттың базарында шалқып тасып жүре беріңіз! Сізге сарқылмайтын денсаулық, таусылмайтын бақыт тілейміз! Арамызда бүгінгі күндей жарқырап, күліп-ойнап жүре беріңіз!

Өмірдің әр қырынан іздеп арай,
Бақыт құсы самғасын Сізге қарай.
Алпыстың асуынан еркін асып,
Сәтті қадам басыңыз жүзге қарай!

* * *

О, Ана!
Неткен ғажап есім ең!
Сен дегенде елжіреп,
Сен дегенде көсілем.
Сен дегенде шалқимын,
Болаттай жанып, балқимын.
Ақшақардай айналып,
Қыл гүліндей жайқалып,
Самалың боп аңқимын.
Сен үшін тартып тауқымет,
Найзағайдың ұшқынын
Жүрегіме шаншимын.

О, Ана!
Неткен жеңіл есім ең!
Үш әріптен құралып,
Үш жүзді жалғастырып ең.
Мәңгіге мұрағаттаулы
Баға жетпес шежірең.

Тыңдаушы, бір сәт елең ет!
Айтуға жеңіл емес пе?
«Ана» деп тіл қат, керемет!

О, Ана!
Тірегім де өзіңсің,
Жүрегімде өзіңсің,
Айтатын әркез сөзімсің.
Өзіңсің ана, өзіңсің,
Аз қызыққа мәз болған,
Көкірегіңе наз толған,
Жатқа кетсем төрімсің.
Іс бастаған оң қолдан,
Бата беріп оң жолдан,
Құлыным дейсің аймалап.
Айналайын, ана жан,
Мадақтауға тұлғаңды,
Жалықпаймын қайталап.
Дұрысымды асырған,
Бұрысымды жасырған,
Мен гүл болсам қырмызы,
Сенсің ана — жайған бақ!

О, Ана!
Неткен байтақ едің сен!
Жер анадайсың керілсең.
Иен құшағың бірде тар,
Бірде шексіз, бірде жар,
Қасиетіңнен айналдым!
 
Бұрымды шашың толқындай,
Майланған өзен сияқты.
Жанарыңа жас толмай,
Бастаудан бойлап ол ақты,
Кей кезде таңғы шықтардай,
Тұрады мұңмен мөлдіреп,
Кірпігіңе жармасып,
Үзілейін деп үлбіреп.
 
О, Ана!
Неткен қамқор жан едің!
Білегіңді сыбанып,
Әлденеге қуанып,
Тынып таппай жүресің.
Қабақты да шытасың,
Жібек көйлек кепкенше,
Сондай жайлы мінезің!

* * *

Өз бақытын, қуанышын өзі өмірге әкелген перзенттерінің қылығынан, қызығынан іздейтін аяулы Анам менің! Сізге әлемдегі бар жақсы тілекті үйіп-төксем де аз. Алла сізге ең алдымен мықты денсаулық берсін! Әрқашан жүзіңізден мейірім нышаны кетпей, айналаңызға нұрыңызды шашып, Аналық баққытқа кенеліп жүре беріңіз!!!

Батыр да туған анадан, ақын да туған анадан,
Ананың биік тұғыры — анадан туған бар адам.
Пайғамбарымыз Мұхаммед ананы құрмет санаған,
Анаға мәңгі борыштар елдегі барлық дана адам.
Ақ сүтін беріп өсірген, бұзық болсам — кешірген.
Тілін алсам — айналған, күнәм болса -өшірген.
Ақ анашым,анашым, саған тәнті бала шын!
Мөлдір, кәусар бұлақсың, мен сүрінсем — жылапсың,
Шыңға шықсам — қуанып, мен құласам — құлапсың,
Ақ анашым, анашым, сенбей бар ма жанашыр.

Ана

Ана деген — ұлы есім!
О, Ана!
Неткен ұлы есім ең!
Тұрса да қажып тағдыры,
Бар шаттығым — бала деп,
Тәнін торлап таң нұры,
Мін бақпай ұрпақ өсірген.
Бар қатені кешірген,
Жасайды мәңгі аруана
Жалғасып тарих көшімен.
Асаудай асыл бейнесі,
Кетпейді адам есінен.
Баласын басса бауырына,
Нәр тамған ақ төсінен.
Бармақтай жатқан бақытты
Артық көрген өзінен.
Ол — сәби, сонда жылайды,
Ынтызар көмек сұрайды,
«Іңгә» деген сөзімен.

* * *

Бүгін — анамыздың туған күні. Осыған орай, ардақты да асыл анашымызды шын жүрегімізден құттықтаймыз. Деніңізге саулық, шаңырағыңызға ырыс-байлық, көңіліңізге сезімнің шалқыған шаттығын тілейміз. Әрдайым осы қалпыңыздан танбай, жетістіктен жетістікке жете беріңіз. Отбасыңыздан ынтымақ, басыңыздан бақ таймасын. Жүзіңізден шуақ кетпей, ғұмыр бойы мәз-мейрам болып, өмірдің қызығына тоймай, ортамызда жүре беріңіз. Дос-жаран мен туған-туыс алдында абыройыңыз артып, аңсаған армандарыңыздың асуларына шыға беріңіз. Жұлдызыңыз жоғары, мерейіңіз үстем болып, қуанышқа кенеліңіз.

* * *

Ұл-қыз өсіріп, немерелерінің қымбатты анасы, сүйікті әжесі болып отырған 60-тың асуына шыққан .......... тұрғындары ........ пен ......... мерейтойларымен құттықтаймыз.

* * *

Асыл анам, нұр шашқандай келбетің,
Сенсіз басып жүре алам ба жер бетін?
Бір қолыңмен балаң жатқан бесікті,
Бір қолыңмен ұлы әлемді тербеттің.
 
Ана, жаным, жүре берші қасымда,
Сен өтпеген, бәлкім, осы асу ма?
Әркез маған бата беріп жол нұсқап,
Айтатынсың: «Құлыным-ау, жасыма!».
 
Сұм тағдырды кешіп өттің басымнан,
Сондықтан да ширақ болдың жасыңнан.
Кешір ана, қателессем кеше көр,
Бірақ алыс кете көрме қасымнан.

* * *

Қандай ыстық ана деген әркімге,
«Құлыным!» деп отыратын әр күнде.
Бәрімізге бесік жырын үйреткен,
Аналардың маңдай тері бар түнде.

* * *

Қажетті сілтемелер (қарап көріңіз):

Туған күнге арналған құттықтау cуреттер

Туған күнге арналған тілектер

Туған күнге өлеңдер

Туған күнге арналған тілектер, құттықтаулар


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Басқа сайттағы жаңалықтар:

Жүктелуде...