Ата-анаға ақ тілек

Басты бет / Тілектер, құттықтаулар / Ата-анаға ақ тілек

Ата-анаға ақ тілек — Тілектер, құттықтаулар бөліміндегі материал.

Материал — ана, әке, ата-ана, тілек — осы тақырыптарға байланысты.

Ата-ананың аялы алақаны мен жүрегіне, шексіз мейірімі мен кіршіксіз таза көңіліне тең келер ештеңе жоқ. Сондықтан да аяулы аналарымыз бен ардақты әкелеріміз аман болсын.

Артқан соң бала сенім,
Дертімнің дауасы едің,
Биік қой бұл өмірде,
Қадірің ана сенің.

Өмірге қадам мығым
Анашым – панам, күнім.
Баланың бақыты мен
Ойлаған амандығын.

Болған соң ұлтқа тірек,
Анада құт-қасиет.
Білемін ананы мен
Әлемнің тұтқасы деп.

Сен үшін атқан таң ақ,
Тек жалғыз хаққа аманат.
Ананы сүю керек
Мәңгілік баққа балап!

*** *** *** ***

Ұрпақтарын таралған
Батасымен жебеп тек,
Етегіне оралған
Немересін өбектеп.

Жетегіне ап қайда да
Қиқар ұлды ойнатып,
Жүруші еді аулада,
Сар самауырын қайнатып.

Ақ жаулығы басында
Иығында сұр жемпір,
Қазан-ошақ қасында
Жүруші еді бір кемпір...
 
...Анам менің жоқ қазір
Аспанжа жүр, жерде емес.
Жоқта жүрек, жоқта жыр
Мұның бәрі енді елес.

*** *** *** ***

Сіздерсіз ұйытқысы шаңырақты,
Түлетіп ұл-қызыңды жамыраттың.
Шаттықтың шалқар әні шалқи берсін,
Сөнбесін аулаңызда шамы Бақтың!   
Бақыт құсы айналып күнде қонсын,
Құшақтарыңыз әрқашан гүлге толсын.
Туған күн деп Сіздерге арнап тост көтеріп,
Туыс-туған, дос-жаран бірге болсын!

*** *** *** ***

Ардақты әкеміз ....  .... жасқа, аяулы анамыз .... жасқа толған мерейтойларымен құттықтаймыз!

Өмір атты тарихтың дастанында,
Үлгі болып келдіңдер жас қауымға.
Бірің - ...., ал бірің .....-тің
Шуақ шашып тұрсыңдар асқарында.
Әке-ана, енді қалған ғұмырдың,
Тек қана бақыт күлсін аспанында.

*** *** *** ***

Қажетті сілтемелер (қарап көріңіз): 

Туған күнге арналған тілектер

Туған күнге арналған құттықтау cуреттер

Туған күнге арналған құттықтау cуреттер

Туған күнге арналған тілектер, құттықтаулар

Туған күнге өлеңдер

Мама туған күнімен құттықтау, тілек

Анаға тілек құттықтау



WhatsApp Telegram

Пікірлер (14)

Алина Болат

Өте тамаша мен ата адамды осы құттықтау тілектері мен құттықтадым
Олар қатты қуанды!!

Бекзат

Барша аналар аман болсын!

Альфинұр

Тос 1Наурызға

Аяжан

Ана

Али

Ата-анаға арналған ең керемет тілектер

Ерай

Мен әкемді анамды катты жаксы корем олар менин журегим❤

Күшті екен! ♡

Владимир Владимирович Путин

Рахмет

Мерей

Анашым ❤мен сізді жақсы жақсы көрем ❤

NURIK

Басқа жоқпа

Аяна

Мен ата анам ды қүрметим

БОТА

Мен өз Ата Анамады жанындай жақсы көпкөремін

Мақсат

"Ата-анаға ақ тілек" – қазақтың бата беру дәстүрінің нағыз қазынасы! Ананың шексіз мейірімі, әкенің қорғанышы, ата-әженің батасы туралы жүздеген әдемі өлең мен тілек жинақталған: «Білемін ананы мен Әлемнің тұтқасы деп», «Сендерсіз ұйытқысы шаңырақты», «Шаттықтың шалқар әні шалқи берсін» сияқты сөздер жүректі елжіретеді. Туған күнге, мерейтойға, қарапайым ризашылыққа өте қолайлы. Ата-анаға тілек, құттықтау сөздері, аналарға өлең, әкелерге бата іздегендерге осы бетті ұсынамын!

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ата-анаға ақ тілек деген не?

Бұл бетте Ата-анаға ақ тілек тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Тілектер, құттықтаулар бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Ата-анаға ақ тілек материалы Тілектер, құттықтаулар бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Тілектер, құттықтаулар бөліміндегі басқа материалдар ана тақырыбындағы материалдар әке тақырыбындағы материалдар ата-ана тақырыбындағы материалдар тілек тақырыбындағы материалдар құттықтау тақырыбындағы материалдар туған күн тақырыбындағы материалдар