Аяулы, сүйікті, қамқоршым — Асыл Анам, Сізді 8 наурыз мерекеңізбен шын жүректен құттықтаймын. Сіз болмағанда жарық дүниенің қадірін, махаббаттың ләззатын, мейір-шапағаттың тереңін сезінбес ем. Қашанда жаныңызға жақсылық нәсіп болғай. Сізді сүйемін.
Бесік жырың ғұмырымды күй қылған,
Есіл нұрың ойыма ақыл құйдырған.
Асыл ана, құтты болсын мерекең,
Құшағына күллі әлемді сыйдырған.

Менің қамқорым, ақылшым, өмірімнің бұла күші, көңілімнің қуанышы, сезімімнің жыр ағысы — аяулы анам, 8 наурыз мерекеңіз құтты болсын. Ұл-қызыңыздың қызығын көріп, аман-сау ортамызда жүре беріңіз. Бақытты отбасыңыздың берекесі мәңгілік болсын.
Анашым шалқып күлсең,
Алдымда ұзақ жүрсең,
Жүрегім жыр толғайды,
Көңілім ортаймайды.
Анасы бар адамдар,
Ешқашан қартаймайды.
*** *** *** ***
Сүйікті менің анашым, сіздің мейірбан жүзіңіздей көктемнің алғашқы мерекесі, төл мерекеңіз 8 наурыз құтты болсын. Бүгін сіз үшін бүкіл адам баласы қуанышқа бөленер, сіз үшін жүрекжарды тілектерін арнайтын күн. Мен үшін сіздің аман-сау ортамызда жүрген әр күніңіз үлкен мереке.
Мен өзіңнен қабылдаппын сүюді,
Мен өзіңнен қабылдаппын күюді.
Сенің жаның жүрегімде ораулы,
Менің жаным жаулығыңа түюлі.
*** *** *** ***

8 наурызға аналарға арналған ең әдемі тілек мен құттықтаулар
Ана туралы тілектер
мен тілектер көп шықсын
Анашым
Тілектер
Тақпақ
Хат
ең әдемі тілек мен құттықтаулар
Ең әдемі тілек
Ең әдемі тілек
Күшті деген ойдамын????????
Өте күшті
Ең әдемі тілек
Гүлдей болсын өміріңіз,
Нұрға толсын көңіліңіз.
Күшті рахмет
Ана туралы тілектер
Ана туралы құттықтау
8 Наурызға аналарға арналған жылы тілектер мен құттықтаулардың ең үздік жинағы. Бұл жерде әрбір тілек жүректен шыққан шынайы сөздермен өрілген, әйелдер қауымына құрмет пен ықыласты жеткізуге арналған шығармашылық мазмұнмен жазылған. Аналарымыздың еңбегі мен мейірімін сөзбен көркем сипаттап, Наурыз мейрамының мән‑мағынасына сай сүйіспеншілік пен алғыс сезімін айқын жеткізеді. Рахмет!!!