Өлеңдер Бөлімі

8 наурызға арналған құттықтаулар, тілектер

Қымбатты ханымдар!

8-Наурыз мерекесі құтты болсын! Баршаңызға асыл армандардың орындалуын, жан жадыратар қуаныштың мол болуын, отбасы бақыты мен берекесі сарқылмауын, денсаулықтың мұқалмауын тілеймін!

*** *** *** ***

Сіздерді 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Әйел-Ана — өмірдің өзегі, тіршіліктің күре тамыры, ыстық ықылас пен ыждаһаттың, пәктік пен тазалықтың қайнары. Еліміздің сән-салтанаты мен Елордамыздың мерейінің үстем болуында да қашанда нәзік жандардың еселі еңбегі мен қажырлы қайратының қарымды үлесі жатыр. Олай болса, көктемнің осынау шуақты мерекесі көңілдеріңізді нұрға, жүректеріңізді жырға бөлесін.

*** *** *** ***

Жақсылықтың нышанындай, жаның сүйген адамның жып-жылы құшағындай, саф алтындай тазалығы мен сұлулығын беретін, жайма шуақ сәулелерін төгетін, көңілдерге қуаныштар егетін, имандылық пен пәк қыздардың мінезіндей ибалылық себетін көгілдір көктемнің алғашқы мерекесі, той атаулының қызығы мен берекесі — 8 НАУРЫЗ келді ортамызға!
 
Осы мерекенің иелері, бар адамзаттың табынары мен киелері, қуанғанда қасыңнан табылып, қиналғанда сүйенері, мейірімділік пен тыныштықтың жаршылары, адамдық пен адамшылықтың мөп-мөлдір тамшылары, сүйкімді қылығымен сағындырған, қажет десе аһ ұрғызып сабылдырған, әсем көркімен, жүрегінің өртімен небір дана мен данышпандарды табындырған, сүйсе құлай сүйетін, нақсүйеріне жанашыр болып, бірге күйетін аяулы да асыл қыздар, сүйкімді келіншектер, мерекелеріңіз құтты болсын!
 
Әрқашан отбасыларыңыздың ажары, жүрген орталарыңыздың базары болыңыздар! Пәле-жала, жамандық атаулы келмеске кетсін, асыл да таза махаббат жүректеріңізден мәңгілік орын тепсін! Сүйікті жар, ардақты ана болыңыздар, дәулет, береке, байлық ауылына қоңсы қоныңыздар. Сіздерге дүниедегі барлық бақытты тілейміз!

*** *** *** ***

Құрметті әріптестер!

Сіздерді ару көктемнің алғашқы мерекесі 8 — наурыз халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Көктемнің гүліндей құлпырып, әсемдіктің, әдеміліктің, әдептіліктің иесі болып, бақытты да баянды өмір кешіңіздер. Дендеріңізге саулық, көңілдеріңізге шаттық, от басыларыңызға құт-береке, ауызбірлік пен тыныштық тілеймін.

*** *** *** ***

Сүйікті жарым!

Өзіңді көгілдір көктемнің шуақты мерекесі — 8 наурыз әйелдер күнімен құттықтаймын. Осынау жарқын мереке күні мәңгілік жастық алауын, адал махаббат жылуын, шынайы сүйіспеншілік шуағын тілеймін.

Ізгі тілекпен, жан жарың……..

*** *** *** ***

Қызым!

Арулар күніне арналған жылы лебізімді қабыл ал. Тал бойыңа ажарына ақылы сай, нәзік те биязы, көрікті де келбетті қазақ қыздарының жан сұлулығын тілеймін. Жанарың әрдайым нұр шашып, жүзің күндей күлімдеп, көңілің көктемдей көрікті болсын!

Ізгі тілекпен, жан әкең ………………!

*** *** *** ***

Құрметті апа!

Сізге 8 наурыз әйелдер күнімен құттықтауымды жолдаймын. Әйел барлық қиындықты жеңе білетін сарқылмайтын күш, тірліктің қайнар бұлағы. Барша туған-туыстарыңызды жылы жүрегіңіздің мейірімділігі мен ыстық ықыласына бөлей беріңіз.

Ізгі тілекпен, бауырыңыз ...............

*** *** *** ***

Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі — 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамымен шын жүректен құттықтаймын. Ана қуанышы, әйел қуанышы — әр үйдің, отбасының, Отанның мерейі. Деніңізге саулық, отбасыңызға бірлік-береке, кенен табыс, қызметте өрлеу және махаббат пен әсемдік тілей отырып, мына өлең жолдарын Сіздерге арнаймын:
 
Гүлдей болсын өміріңіз,
Нұрға толсын көңіліңіз.
Биік боп жұлдызыңыз
Көктемдей құлпырыңыз.
Бақыт қонсын басыңызға
Қолдап жүрсін Тәңіріңіз!

*** *** *** ***

Көктем мерекесі көңілдеріңізге қуаныш сыйлап, жүздеріңізге нұр шашсын. Әрқашан шаңырақтарыңыздың берекесі болып, үйіңізден жылылық кетпесін. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, жанұяларыңызға береке-бірлік тілейміз!

*** *** *** ***

Бар тіршіліктің тұтқасын ұстап тұрған аналар, мейірімді әжелер, әдемі арулар! Сіздерді көктемнің шуақты мерекесімен құттықтаймыз! Әрқашанда шаңырақтарыңыздың берекесі болып, жүздеріңізден нұр шашып жүре беріңіздер. Сіздерге зор денсаулық пен баянды бақыт тілейміз!

*** *** *** ***

8 Наурыз — халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтай отырып, шынайы көңілден шыққан ең ізгі тілектерімізді жолдаймыз. Осынау жарқын мерекенің біздің барлық үміттеріміз бен армандарымызды тығыз байланыстыратын көктемнің алғашқы айының басында келуі, жақсылықтың нышаны болса керек. Қашаннан бергі дәстүріміз бойынша біз бұл күні Сіздерге — аналарымыз бен апа-қарындастарымызға, қыздарымызға ең ыстық құттықтауларымыз бен ең ізгі тілектерімізді жолдаймыз. Сіздерге шынайы көңілден зор денсаулық, баянды бақыт, отбасыларыңызға береке-бірлік, еңбектеріңізге табыс тілейміз!

*** *** *** ***

Сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Осы бір тамаша көктем мерекесі әйелге тән әдемілік пен нәзіктіктің мәңгі белгісі сияқты. Біздің қазіргі қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол мемлекеттің өмірге және саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі. Сондықтан біздің елімізде әйел адамның әлеуметтік қорғалуына, олардың өмір сүру деңгейін арттыруға айрықша маңыз беріледі.

Қымбатты ханымдар! Сіздердің атыңызға айтылатын ақ алғыстар мен жылы сөздер ешуақытта толастамасын. Көктемнің басымен келетін мерекелік көңіл-күй Сіздердің сергектіктеріңіз бен күш-жігерлеріңіздің қуат көзіне айналсын. Сіздерге және отбасылыраңызға әрқашан бақыт және сәттіліктер тілеймін!

*** *** *** ***

Жер-дүниенің жаңаруын, оның сәні мен мәнін паш етіп келе жатқан тамаша көктемнің мерекесі қарсаңында Сіздерге және отбасыларыңызға мол береке, бақыт, шаттық, мызғымас денсаулық, болашаққа зор сенім, көтеріңкі көңіл-күй тілеймін. Жылдан-жылға табиғаттың тамаша мерзімі — көктемдей құлпырып, жасара беріңіздер!

*** *** *** ***

8 наурыз — ер азаматтардың назарынан тыс қалмайтын мерекелердің бірі. Осы күнді ақ шашты қариядан бастап жас жеткіншектерге дейін асыға күтеді. Бұл күн — отбасы берекесі мен ұйытқысы болып табылатын біздің аналарымыз, жарымыз, әпкелеріміз бен қыздарымызға жарқын көңіл мен жақсылық тілейтін күн. Сіздер өздеріңіздің ізеттіліктеріңізбен, сыпайлықтарыңызбен өмірді шуақтандырып, жақындарыңыз бен туыстарыңызға жылу сыйлайсыздар.

Әлемде нәрестеге өмір сыйлап, оны алғашқы қадам басуға үйрететін қасиеттеріңізге тең келер нәрсе жоқ. Сіздердің төзімділіктеріңіз бен махаббаттарыңызға алғысымыз шексіз!

Сіздерге сәттілік пен шаттық көңіл серік болсын. ер азаматтардың сыйластығы мен құрметіне бөлене беріңіздер.

Көктемгі мерекелеріңізбен құттықтай отырып, әрдайым әдемі, жылы жүректі аналық абыройлы атақтарыңыз биіктей берсін. Зор денсаулық, мәңгі жастық пен сұлулық тілеймін!

*** *** *** ***

Қазақ әйелі бағзыдан даланы қорғаған, ерлермен бірге ерлік жасаған. Қазақ әйелі тек қана ошақ басының емес, бүкіл өмірін, ұрпағын сақтаған, ерліктің үлгісін көрсеткен. Бесік тербейтін, батырды өсіретін, ұлтымызды сақтайтын, ертеңгі ерлерді өсіретін әйел, келін, ана.

Ақ жаулықты апаларымыз бен аналарымыздың, сіңлілеріміздің төл мерекесі. Отан отбасынан басталады деген ұғымға сәйкес, әйелдің қоғамдағы рөлі ерекше. Өйткені отбасының құты болған әйел Отанға да адал қызмет етеді.

8- наурыз Халықаралық әйелдер мейрамымен шын жүректен құттықтап, әрқашан толысқан айдай ажарланып, күлімдеген күндей нұрланып, шаттық пен қуанышқа бөленіп, береке-бірліктің бастаушысы, игі істердің қостаушысы болып жүре беріңіздер.

*** *** *** ***

Әйел затының міндеті — сырттай қарағанда «отбасы, ошақ қасы» секілді қарапайым көрінгенімен, нақтырақ зер салсақ, үй ішінің шаруасы-кәсібімен айналысып, бала-шағаны бағып-қағу, өсіру, ағайын жұрттың береке-бірлігіне ұйытқу болу сияқты негізінен үйелменнің құт-берекесін арттыратын ең бір маңызды істер әйелге жүктеліп, әр шаңырақтың тұрмыс-тіршілігі, хал-ахуалы да осы үйдегі ақ жаулықты аналарымыз болып келеді.

*** *** *** ***

Жақсы сөз — жарым ырыс демекші, қуаныштан жүздері балбұл жанған ақжаулықты аналардың алдында барша азамат мәңгі қарыздар екеніне тоқталып, шын көңілден құттықтаймыз.

Ананы сыйлаған, имандылыққа ұйыған халқымызда «Ананың сүйген жері — отқа күймейді, оқ та тимейді» деген тәмсілге сай олардың жүзін мұң шалмауы үшін бар жақсылықтың жалғасатыны анық.

Жер бетіндегі жақсылық атаулы аналардың үлкен жүрегімен әрленеді десек, жылына бір тойланатын мерекеде олардың еңбектерін бағалап, сый құрмет көрсету парызымыз.

*** *** *** ***

Бұл күн ізгіліктің, мейірімділіктің, әдеміліктің нышаны. Сіздер өмірді нұрландырып, шаңыраққа шаттық нұрын себесіздер. Сіздердің қолдауларыңыз әркімнің жүрегінде сенімділік ұялатып, шуақ сыйлайды. Осы айрықша қасиеттеріңіз мәңгілік салтанат құрып, елге ырыс-құт дарысын. Сіздерге зор денсаулық, баянды бақыт, көтеріңкі көңіл-күй тілейміз!

*** *** *** ***

Міне, 8 Наурыз — халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Мейрам! Маған басқа мейрамдардың бәрі осы ғажайып мейрамнан шашыраған ұшқындар ғана, осы алтын мейрамның күннен шашыраған алтын жіп тәріздес сәулелері ғана сияқты көрінеді. Осындай керемет мейрам күні барлық әйелдерге зор денсаулық, баянды махаббат, жанұяларыңызға бақыт тілеймін!

*** *** *** ***

— Ең күшті нәрсе не? — десе,
— Әйелдің әмірі! — дер едім.
— Әйелдердің барлығын
— Жердегі Тәңірі! — дер едім.

Өз басым әйелді осылай деп бағалаймын. Өйткені, адамзатты жарататын — әйел, ұлтын көбейтетін — әйел, ұрпақты ұластыратын — әйел, еркекті Ер ететін — әйел. Бір сөзбен айтқанда, дүниенің тірегі — әйел. Махаббаттың асыл нұры — әйел. Өмір деген алтын сарай есігінің күміс кілті — әйел махаббаты.

*** *** *** ***

8  наурыз — біздің жүрегімізді шуаққа бөлейтін ананың алақаны сияқты көктемнің алғашқы мерекесі. Табиғаттың оянуы осынау шуақты мерекеден бастау алатыны тегін болмаса керек. Азаматтың әдемі сыңарына арналған аруларымыздың жүздерінен әдеміліктің нұры таймасын, ішкі байлықтары бен жүректерінің мәрттігі сөнбесін! Баршаңызға көктемнің осы күнгі мерекесінде махаббат, денсаулық, бақыт және амандық, туған-туыстарыңызға игілік тілейміз!

*** *** *** ***

Көктемгі күннің көзіңдей жылы жүзді, тұла бойына сұлулық тұнған, арқаның ажарындай нұрлы келбетті, қызғалдақтай алаулаған аруларымызды көктемнің күлім қаққан шұғылалы мерекесі — 8 наурыз мейрамымен құттықтаймыз!

*** *** *** ***

Тамылжыған көктемнің арайлы шуаққа толы 8 наурызы да келіп жетті. Осынау көктем мерекесі күнімен ардақты апалар мен аяулы қарындастарымызды шын жүректен құттықтаймыз. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға ырысты береке, баянды бақыт тілеймін!

*** *** *** ***

Көктемнің осы бір ең жарқын мерекесі — 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен Сіздерді шын жүректен құттықтаймыз! Әйелдер, Сіздер — адамзаттың ең бір асыл перзенттері ғана емессіздер, сонымен бірге табиғат бойларыңызға ақыл мен төзім, іскерлік те дарытқан абзал да ізгі жансыздар! Баршаңызға мол бақыт, істеріңіздің сәтті болуын, қазақ еліндегі бейбіт пен тыныш өмірдің шырқы бұзылмауын тілейміз!

Әр шаңырақтың ырысы ортаймасын, балаларыңыз бен жақын-жұрағаттарыңыздың барлығы да аман-сау, денсаулықтары мықты болып, Сіздердің әрқайсыңыздың жан-жүректеріңізден ертеңгі күнге деген сенім мәңгілік айнымасын!

*** *** *** ***

Қымбатты әйелдер!

8 Наурыз — Халықаралық әйелдер күніне байланысты шынайы құттықтауымды қабыл алыңыздар. Әйел әрқашан халықтың ар-ожданы, ізгіліктің, нәзіктіктің және және дархан көңілдің көрінісі болып келді және болып қалмақ, бүгінгі мереке оларға деген шынайы құрмет белгісі. Әйел өзінің табиғатынан-ақ кішіпейілділіктің, жоғары адамгершіліктің және мейірімділіктің айнасы. Сондықтан, ол бүкіл қоғамның арқауы ретінде келісім мен тұрақтылықтың нығаюына ықпал етеді.

*** *** *** ***

Шығыста: «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді», дейді. Тәуелсіз еліміздің ұл-қыздарын тәрбиелеп, азаматтарға сенімді тірек болып, қоғам ісіне білек сыбана кірісіп, қиын қыстау кезде демеу болып жүргендеріңіз үшін әйел қауымына алғыс айтамын.

*** *** *** ***

Көктемдегі 8 наурыз — Халықаралық әйелдер мерекесімен әр шаңырақты шаттыққа бөлейтін аналар мен қыз-келіншектердің қуанышына ортақпыз. «Ер елдің иесі, әйел — үйдің киесі» дегендей отбасындағы береке-бірлікке, өмірдегі әсемдік пен нәзіктікке жолбасшы бола жүріп, айналасына инабаттылықтың нұрын сепкен аналарымыз бен қыз-келіншектерімізді шын жүректен құттықтаймыз.

*** *** *** ***

Құрметті арулар!

Сіздер бір отбасын емес, бүкіл әлемді аялы алақандарыңызбен тербете алатын, адамзат баласының ары, рухы, жігерісіздер. Тәуелсіз Қазақстанымыздағы бейбіт тірлік пен бірліктің, жарқын болашаққа деген сенімнің, ізгілік пен мейірімділіктің ұйытқысы да өздеріңіз.

Бүгінгі мерекелеріңізбен тағы да бір мәрте құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, ырыс-құт тілейміз. Әр таңдарыңыз арайлап атып, күндеріңіз нұрға толсын!

*** *** *** ***

Көк желекті көктеммен бірге қуаныш сыйлай келетін аяулы аналарымыздың, әпкелеріміздің, қарындастарымыздың төл мерекесі - 8 наурыз
Мейрамын бәріміз асыға күтеміз. Ер азаматтар бұл күні гүл, сыйлық дайындап, анасының, қарындастарының,сүйіктісінің жүрегіне қуаныш сыйлауға асығады.

Құрметті қыз-келіншектер! Сіздерді бүгінгі төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтап, денсаулық, сұлулық, бақыт, қуаныш тілеймін! Әрқашан мына өмірге сән беріп, жылу таратып, мейірім төгіп, шуақ шашып тұрғандарыңыз үшін Сіздер қашанда өздеріңіздің сыйлы, сүйікті қадірлі екендеріңізді, Сіздерсіз мына дүние бос екенін ұмытпаңыздар!

*** *** *** ***

Жалғыз жүріп жол табам деу далбаса,
Жігіт болсаң жар табуға қам жаса!
Ол бар жерде сен өзіңді зор сана,
Ол бар жерде басқа бақыт аңсама!
— деп Тұманбай ақын жырлағандай мынау бүгінгі 8 наурыз халықаралық қыз-келіншектер мерекесінің ұйтқысы қадірлі біздің гүлдеріміз!

Құстың қос қанаты бар, адамның екі жанары бар. Күн мен түн бар, Ай мен Күн бар. Сіздерсіз жігіт жүрегі — жетім. Бүгінгі сіздердің мерекелеріңіз өз сыңарын іздеген «жетім» — жүрек жігіттер бақытының бастауы болса екен! Мереке соңы тойға ұлассын!

*** *** *** ***

Бүгін сіздердің мерекелеріңіз. Ер — азаматыңыз сіздерді қандай еркеліктеріңіз болса да көтеруге міндетті. Дегенмен қыз-келіншектерге айтарым: жүректерінің біздің жаман жақтарымызды емес, тек қана жақсы қасиеттерімізді сақтап, қашанда айдай сұлу, күндей жылы жүздеріңізден нұр төгіліп, сүйікті де сүйкімді болып жүре беріңіздер!

Қара жерге қар жауар,
Қарды көр де етім көр.
Қар үстіне қан тамар,
Қанды көр де бетім көр.
— деп ақылды ару Ақжүніс апамыз тап басып айтқан қазақтың ақманар тәнді, ақ мамық мінезді, қарлығаш қанатты қаракөз қыздарының бақытты болуы үшін, отанымыздың гүлі, жүрегіміздің жыры, ежелгі заманда «Қыпшақ аруы кім?» дегенде, «Міне! деп әлем халықтарына мақтанышымызды паш етіп көрсеткен сұлулардың жалғасы — қадірлі қыздар, сіздердің осынау мерекелеріңіз үшін осындағы жігіттер қолындағы қымыздың бір тамшысын қалдырмай алып тастайды.

*** *** *** ***

Аяулы анам менің!

Мейірім мен махаббаттан жаралған кең жүрегіңізден, қызуы тұла-бойымызды жылытқан ыстық алақаныңыздан, «айналайын» деп маңдайымыздан емірене сүйіп еркелеткен мейірімді үніңізден артық біз үшін еш нәрсе де жоқ, мама!..

Маматайым, езуіңізден күлкі нышаны кетпесін, тіпті көзіңізден тамған әрбір тамшы жас қуанышпен шаттықтан тамсын! Жүзіңізден шуақ кетпей біздің ортамызда күліп-ойнап, шаттыққа кенеліп, бақытқа бөленіп жүре беріңіз, МАМА!!!

Мереке құтты болсын!

*** *** *** ***

Қажетті сілтемелер (қарап көріңіз): 

8 наурызға әзіл тілек

8 наурызға арналған ресми құттықтаулар

8 наурызға арналған құттықтаулар, тілектер, өлең жолдары


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Қарап көріңіз

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

×