Эссе және өлең-жыр байқауы

50 жасқа құттықтау

Елуге келіп елге білінгенің,
Ақсақалдық атқа осы ілінгенің.
Қалың елің қаумалап келіп отыр,
Тойларың тойға ұлассын, інім менің!..

*** *** *** ***

Бір ғасырдың жартысын жасап міне, мерейтойыңды тойлап отырсың. Уақыт деген зымырап өтіп жатыр. Осы жасқа келгенше тағдыр-жолыңда кездескен қаншама тосқауылға төтеп беріп қашанда жеңіске жете білдің. Мұндай жетістігіңнің де терең себебі бар деп ойлаймыз.

Мынау бізге көршілес жатқан орыс ұлтында "Қарапайым өмір сүрген жан жүз жасайды" деген сөзі бар. Осынау қарапайым ойдың астарында мейірімді, жүрегі таза, қиналған сәтте қол үшін беруге дайын тұратын, құдайынан қорқатын қанағатшыл да иманды адам туралы қаншама түсінік жатыр десеңізші!

Аса құрметті ........ . Сен де сондай мадаққа лайық қарапайым өмір сүретін жанның бірісің! Бүгін Саған осындай дастарханның 100 жасқа толғаныңда да кеңінен жайылсын деген тілек арнағым келеді!

*** *** *** ***

Ердің жасы 50-ге келіп тұрсыз,
Шынардай шың басына шығып тұрсыз.
Кернеген бойыңдағы күш – қуатты,
Егемен еліңізге беріп тұрсыз.

Күш–қуат әлі дағы арта берсін,
Жүрегіңіз жақсылықты сарқа берсін.
Денсаулық жақсы болып әрқашанда,
Жасыңыз 100-ге дейін жете берсін.

Отбасы аман болып, бала-шаға,
Солармен кенеліңіз тамашаға.
Көгілдір көк аспанды елімізде,
Сіздердей ардақтылар жарасады!

*** *** *** ***

50 деген ердің жасын еңсеріп
Еңбегіңмен Сен келесің тер төгіп,
Армандардың аттанғанда шыңына
Қызыр өзі болсын саған жолсерік.

Отбасының берекесін қамдаған,
Бар өмірін жақсылыққа арнаған,
Сендей жанға Алла өзі дем беріп,
Қиын кезде қуат беріп қолдаған.

Құтты болсын қуанышты той күні,
Саған шуақ шашсын Күн мен Ай нұры,
Әрбір күннің мерекеге айналып,
Ұрпақтарың көрмей өссін қайғыны.

*** *** *** ***

50 деген жарты ғасыр бұл өмірде,
50 деген алтын той некеліге.
Елу жылда - ел жаңа деген сөз бар
Сол елуге өзің де келдің міне.

Қыздарың қиясына қонып жатыр
Келін алып жылы суға қолың батыр
Дүниеге келе берсін ...........
Алданыш қып солармен таңыңды атыр.

Құтты болсын мерейтой, 50 жасың
Әр уақытта домалап өрге тасың,
Қосағыңмен қоса ағарып, шөбере сүй,
Ешқашанда көңіліңді кір шалмасын.

Тілерім ашық аспан, жұлдызды түн,
Жылдан жылға жақсарып денсаулығың
Немерелеріңнің қызығын қызықтай бер,
Атанып куәгері алтын тойдың.

*** *** *** ***

Ақ тілекті ақтарамыз жүректен.
Қуанышта көңіл шіркін дір еткен.
Туылған күн құтты болсын деп бүгін,
Өзіңізге үн қосамыз тілекпен!

Апатай міне 50-ге де толып қапсың, Өмірдің 50 жылдай ішіп асын. 50 жасты біз сізге бере алмаймыз, Сіз бізге 25 тегідей әлі жассыз! Кең пейлді ақ жүрек адал жансыз. Ардақты Ана, сүйікті Апа атанғансыз. Туылған күнімен отбасы құттықтайды, Еңбегіңізді сіздің ешқашан ұмытпайды!

*** *** *** ***

Ұзақ жылдар бойы аралас-құралас болып жүрген адам туралы, ол адам жақын, сырлас досың болса, ол жөнінде ой білдіру, толғау айту әрі оңай, әрі қиын. Оның себептері де жоқ емес. 

Не жетсін бақ жұлдызы жағылғанға,
Бастауы берекенің табылғанға.
Биікте болсын әркез жұлдызың деп,
Тілейміз біздің бауыр ..... жанға!

Ауылға құт-береке орнағансын,
(Ақтерек) ардақтайды бел баласын.
Туыңды туған жерге тігіп едің,
Қыдыр-бақ қалай сені қолдамасын.

Қалдырып артта қалай қиындығың,
Ауылдың кәрі жасын сүйіндірдің.
Бірлікті, тірлікті де сақтаған ел
Шаттықтың шалқытады күйін бүгін.

Қоңыртөбе жағынан жел ескенде,
Есдәулет ақын рухы кеңескенде.
Елін жебеп жүргендей елестейді
Қараш батыр сонау бір белестерде.

Арналсын ..... жанға ақ-адал күн,
Ер жасы елуіңде бағаландың.
Көркейіп (Ақтерегің) күннен-күнге,
Рухы қолдай берсін бабалардың.

Тұрғанда тағдыр-талай қыл ұшында,
Ауылдың қалдың сақтап тынысын да.
Жұртыңды жұмылдырып бір тілекке,
Таптың сен жұмысын да, ырысын да.
 
......жан, сүйіндірді нар талабың,
Халқыңның ақ алғысын арқаладың.
Жаныңның жақсылығы шуақ шашып,
Бөленсін бақыт-нұрға шартарабың.

*** *** *** ***

Жан аға, құтты болсын 50 жасың,
Әр уақытта домалап өрге тасың.
(Үшеуімізді) жақын тарттың бауырыңа,
Әрдайым аман болсын алтын басың.

Тілек еттім алғы күннің ажарын,
Сарқылмасын өмір-өзен базарың.
Абыройың арта түсіп үнемі,
Хақ-Тәңірі көрсетпесін азабын.

Қызық-шаттық жақсылықты көре бер,
Жұртшылықтың алғысын тек тере бер.
Беделің де артсын ылғи ортада,
Еңбегіңмен алда өсіп өне бер.

Құтты болсын 50 жасың белесің,
Барлық жаннан мақтау алып келесің.
Аман болып жасыңа жас қосылсын,
Алла жазса, талай тойды көресің.

*** *** *** ***

Қызмет етіп, жан аға, елге күнде,
Еңбегіңмен биікке өрледің бе.
Зор денсаулық, мол бақыт тілейміз біз
Ердің жасы - елуге келгеніңде.

Зымырандай зуылдап барады күн,
Көңіліңнің қалауын табады інің.
Елу жаста болыңыз ел ағасы,
Бойға жиған бабалар даналығын.

*** *** *** ***

Елу – деген жүздің нағыз жартысы,
Елу деген – даналық қой, ол анық!
Оған жетсе елжірейді әр кісі.
Құттықтайды бар ағайын қол алып.
Ұрпағыңыз жүрсін дейміз аяқ жаққа оралып,
Қуаныштың қамқасына жүріңізші оранып!

*** *** *** ***

Артта қалды бес асу мен бес белең,
Өрге тартып барады өмір-көш деген.
Елу деген – ердің жасы қызулы,
Жастық шақтың соңғы оттары өшпеген.

Дуылдатып дулы ортаның дүрмегін,
Бір ғанибет жарқ-жұрқ етіп жүргенің.
Елу деген – ердің жасы ең кемел,
Арысым деп арқаланар нұрлы елің.

Жұлдыз жанып, пейіліңе таң күліп,
Күз де жетті сыбаға алып, сән құрып.
Қалпыңыздан айнымаңыз – шат көңіл,
Басыңыздан бақ кетпесін мәңгілік.

*** *** *** ***

Елу деген – ердің жасы еңселі,
Елу деген – парасаттың өлшемі.
Жарқылдасаң самғап ұшқан сұңқардай,
Азамат деп мақтан тұтар ел сені.
Тірлік – теңіз, ес елудің ескегін,
Әнге толсын, күйге толсын кештерің,
Шын жүректен бақыт тілеп сарқылмас,
Қол соғады барша әріптестерің.

*** *** *** ***

Елу деген толы той мен думанға,
Тау секілді көрінеді тұлғаң да.
Құшақ-құшақ гүлін алып келіпті,
Ақ көңілмен бауыр, туыс-туған да.

Елу деген – ес тоқтату, есею,
Елу деген – елдің жүгін көтеру.
Туған күнмен құттықтаймыз өзіңді,
Қанжығаңа ілінсін деп қос елу.

*** *** *** ***

Елуге келдің ағасың
Алтынды тонға жағасың.
Аяулы жанның бірісің,
Осалы емес ірісің.

Қартайма, аға, қартайма,
Қуатың кеміп, ортайма.
Көретін қызық көп болып,
Ұлассын тойың зор тойға!

*** *** *** ***

Қажетті сілтемелер (қарап көріңіз):

Туған күнге арналған құттықтау cуреттер

Туған күнге арналған тілектер

Туған күнге өлеңдер

Туған күнге арналған тілектер, құттықтаулар

50 жасқа анаға арналған тілектер құттықтаулар


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Мөлдір Талғатовна

өте керемет өлең шумақтары мағынасы терең өлең жолдары екен

Пікір қалдырыңыз

Басқа сайттағы жаңалықтар:

Жүктелуде...