Сізді адам өмірінің айтулы белесі – 60 жасқа толу мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!
Сізді өмірден тоқығаны мол, кең ойлап, қамқор қолын ұсынып жүретін аяулы азамат, аға ретінде жақсы білеміз. Өзіңіз еңбегіңізді арнаған саланы дамытуға сіңірген белсенді қызметіңіз, тың ғылыми-техникалық жаңалықтарды енгізуде озық ойлайтын кемел қабілетіңіз тәнті етпей қоймайды, жастарға ұлағатты ұстаз, өнегесіз. Сізге зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасыңызға баянды бақыт тілейміз.
*** *** *** ***
60 жасқа толу мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!
Сізді өмірден тоқығаны мол, кемел ойлы тұлға ретінде жақсы білеміз. Терең білім, берік ұстаным, іскерлік қабілет және үлкен азаматтық қасиеттер Сізді қатардағы құқықтанушыдан Қазақ елінің белгілі де беделді заңгері, қоғам қайраткері деңгейіне көтерді. Мемлекеттік жоғары басқару органдарында жауапты қызметтер атқардыңыз, қатарыңыздың тұрмыстық мұқтажы қат-қабат тіршілікте ұдайы назарыңызда болатынын күнделікті өмірде көріп жүрміз. Сіздің алдыңыз кең, жаныңыз жомарт, қамқор да талапшыл басшы, аяулы аға ретіндегі абзал қасиеттеріңіз тәнті етпей қоймайды, атыңызға затыңыз сай ұлағатты ұстаз, өнегесіз. Осындай еңбек пен тұрмыс тәрбиесі, жеке басыңыздың кіршіксіздігі Өзіңіз, отбасыңыз үшін ғана емес, өзіңізбен қанаттас жүрген әріптестеріңіз, тілектес дос-жаран үшін де зор мақтаныш, абырой, жас ұрпақ үшін нағыз өмір мектебі екендігі даусыз.
Қадірлі.................! Сізге осындай мерейлі күні шын көңілімізбен зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасыңызға баянды бақыт тілейміз. Қоғамымыздың иглігі, адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жолындағы күрделі де жауапты қызметте бұдан былай да абырой биігінен көріне беріңіз.
*** *** *** ***
Ізгілікті нұрын шашар маңайға, Адамсыз ғой үлгі болар талайға. Жақсылықты өзінізден көп көрген, Ұмытпайды туған-туыс қалайда! Үлгі болған үлкенге де жасқа да, Сыйлар сізді туған-туыс, басқа да. Бақытты боп бұл өмірде мәңгілік, Қуантыңыз таусылмасын 100 жаста да! Алпыс - тал түс. Алда әлі талай асулар мен белес-беделдер бар. Сізге жарқын да мағыналы өмір, көтерінкі де кіршіксіз көңіл, денеңіздің саулығың, отбасының амандығың, қызыққа толы ғұмыр кешіп, көпшіліктің ыстық ықыласы мен құрметіне, ризашылығына бөлене беріңіз. Абыройыңыз асқақтай берсің дей отырып, төмендегі өлең жолдарың арнаймыз.
Орындалсын мұрат – арман ойыңыз.
Әулетіңнің құрметіне бөлеңіп,
Әрқашанда биік төрде болыңыз!
Жасай бер, жас келсе де қартаймаңыз,
Өмірдің кемдігіне мұнаймаңыз.
Күлімдеп алдымызда жүре берші,
...... ағамыздың шаңырағын нұрландырып!
Адам баласының ұзақ өміріндегі бел-белестердің бәрі де елеулі саналса керек. Сөйтсе-дағы кемел жасы 60-тың орны мүлдем ерекше екені баршаға мәлім. Ағалық ардақты асудан асып, ақсақалдық мерейлі кезеңге көтерілер бұл шақтың тал түс аталуы бекер емес-ау.
Міне, сен де ізімізден қуып, аман-есен алтыншы асқардың шыңына қол созып отырсың. Шүкір, біреуден ілгері, біреуден кейін дегендей, өткен өмір бедерлері көңіл орнықтырып, көз тойдырады.
Қуаныштысы, мерейтойыңды отбасыңның алтын қазығы болған жан-жарыңмен бірге бала-шағаңның шаттыққа толы ортасында қарсы алып отырсың. Өсіп-өнген, ұрпақ тәрбиелеген, құда-құдағиларың мен дос-жарандарыңның ыстық ықыласына бөленген өзіңе тек жақсылықтар, қуаныштар мен бақытты ғұмыр тілейміз.
Артыңдағы ізің өшпесін!
*** *** *** ***
Бүгінгі күн - бөлектеу күн, маңызды,
Маңыздысы - бүгін туған жан ізгі!
Алпыс мәрте Күнді айналған жұмыр Жер,
Сізге бақыт тілеп тұрған тәрізді.
Ренжітпей үлкенді де, кішіні –
Жүрегімен түсінетін кісіні.
Мынау өмір жұмақ болып кетер ед,
Сіздей болса бар адамның пішіні.
Қарапайым қалпын сақтап биіктік,
Ұл–қызы мен отағасын иітіп.
Ана болып, пана болып отырсыз,
Бір әулетті ұйытқыдай ұйытып.
Сізге қарап бой түзейді қыздар да,
Сіз күлгенде ерімейтін мұз бар ма!
Иман бар деп, иба бар деп иланам,
Ортамызда күлімдеген сіз барда.
Бүгінгі күн – бөлектеу күн, маңызды,
Маңыздысы – бүгін туған жан ізгі!
Төбеңізге Құдай келіп, шашу қып,
Аппақ нұрын шашып тұрған тәрізді.
*** *** *** ***
Ел үшін еңбек еттің, аянбадың,
Сол жолдың бар бақытын баяндадың.
Жарқырап, ұл-қыздарың – жұлдыздарың,
Алпысқа аппақ Айдай аялдадың.
Аңқылдап қуана бер, ақтарылып,
Басыңа жарқырасын бақ та күліп.
Әке болдың асқар тау – тұғырыңда,
Ата бол, алпыс жаста атқа мініп.
Немерең топтан озып, бәйге алғанда,
Шөберең аспандағы айды алғанда.
Тағы да дүркіретіп той жасармыз,
Өзіңіз абыз шалға айналғанда.
*** *** *** ***
60 жас мерейтойың құтты болсын,
Дос-жаранмен әрқашан орта толсын.
70, 80, 90 мен 100-ге жетіп,
Басыңызға Қызырдың бағы қонсын.
*** *** *** ***
Сізді 60 жасқа толуыңызбен шын жүректен құттықтаймын!
Сіз өз мерейтойыңызға лайықты да қошеметтеуге тұрар жетістіктермен келіп отырсыз.
Өз еңбек жолыңызда талай белеске шығып, ұжымның және достарыңыздың құрметіне бөлендіңіз. Таңдаған жолыңызды абыроймен жалғастырып келе жатқан тамаша балаларды тәрбиелеп, өсірдіңіз.
Сіздің өрелі істеріңізді айтқанда ауыз толады, өйткені Сіздің өміріңіз нағыз майталман маманның, ұлағатты әкенің, еліміздің абзал азаматының өнегесі. Отанымыздың өркендеуі және халқымыздың игілігі жолында әлі де талай тәнті істерді атқарарыңызға кәміл сенімдімін.
Бүгінгі мерейтойыңызда Сізге және туыстарыңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, еңбекте тың табыстар мен өмірдің асқақ абыройын тілеймін!
Шаңырағыңызда береке-бірлік, ырыс-ынтымақ бола берсін!
Бақытыңыз баянды, сау-саламат жүргейсіз!
*** *** *** ***
Сізді 60 жасқа толған торқалы тойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!
Осы таңда адам өмір жолының асқар биігі – алпыстың шыңына шығып отырған сізді, көпшілік мемлекетіміздің қайраткері, ғұмырын Қазақстан болашағына арнаған зиялы азамат ретінде таниды.
Өмір жолында еңбексүйгіштік, қоғамдық белсенділікпен ерекшеленіп, нағыз азаматтық қасиеттерге ие ірі тұлға ретінде қазақ халқының игілігіне бөленіп, қызметтің ең қызықты да қиын салаларын атқарып отырған абырой-беделіңізді атап өтпей кетуге болмас.
Бұл жылдар сіздің қоғамдық және жемісті еңбегіңіздің нағыз кемеліне келген кезең болды. Туған елге деген сүйіспеншілік арқылы парасатты да рухы биік ізбасарларыңызды тәрбиелеу жолында дарынды ұйымдастырушы қырынан көрініп келесіз.
Қоғам игілігіне бағыттап отырған ерен еңбектеріңіздің еліміздің нығаюына өзіндік үлесі бар. Осынау игілікті істе қанатыңыз талмасын, қажыр-қаыратыңыз қашанда арта бергей!
Өзіңізге және отбасыңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, ырыс пен ынтымақ, бақыт пен береке тілеймін! Шығар шыңдарыңыз әрқашанда биік болғай.
*** *** *** ***
Жаны жайсаң, көңілі дархан азаматымызды 60 жасқа келген күнімен құттықтаймыз.
60 жас – адамның кемеліне келіп, алдыңғы толқын ағаларының ізін басып, кейінгі толқын інілері құрмет көрсетіп, ілтипат танытатын, ұл-қыз өсіріп құда-жекжатты болып, немере сүйіп, өрісі кеңейіп, өркені өскен беделді кезеңі. Осындай мерейлі жасқа келген .... ағамызға тірлікте тұғырыңыздан таймай, әлі де талай асуларды табандылықпен алып, келер қиындықтарды қажырлықпен жеңіп, алға қойған мұраттарыңызға сүрінбей жете беріңіз демекпіз. Асыл жарыңыздың, ұл-қыздарыңыздың қызығын молынан көріңіз, алып мәуелі бәйтеректей жапырақ жайып, өркендей беруіңізге тілектеспіз!
*** *** *** ***
Бір жылда бірге туған, асыл досым,
Тойлатар алпыс жасың құтты болсын!
Кең пейілді құрдасым, ..........-ай,
Ұлдарың ........, ........... аман болсын!
Отыз жыл бірге жүрсең, бағаланар,
Достың да, достары бар дараналар.
Немерең өсіп, өнсін, шөбере сүй,
Сабақтасса ұрпағың, бағың жанар.
*** *** *** ***
Әппақ арын ешқашан кірлетпеген,
Көркемдігі тең келген суретпенен.
Туған-туыс, дос-жаран, әріптестер,
Ардақтайды өзіңді құрметпенен.
Еңбек жолың татиды сан аңызға,
Саған қарап күлімдеп қаламыз да.
Отбасында бақытты ғұмыр кешіп,
Аман-есен жүре бер арамызда.
Зейнеткерлік жасқа кеп шаттанасың,
Әлі талай шыңдардан бақ табасың.
Шын жүректен бәріміз құттықтаймыз,
Көш керуенің ешқашан тоқтамасын!
*** *** *** ***
"Алпыс - тал түс" дейді халық данасы,
Алпыс деген өң мен түстің арасы.
Бір әулеттің өзің алтын қазығы,
Аман болшы, аяулы ел ағасы!
*** *** *** ***
Байыптасаң өмір мен өнер егіз,
Ән-күй тыңдап рахатқа кенелеміз.
Бабалар аманатын аман сақтап,
Қазақша ән шырқасын шөбереңіз.
*** *** *** ***
Алатау шыңдары мен Қаратау тастарына
Көз түсті жеткеннен соң алпыстың асқарына...
Ақ бояу самай менен, бақ сыйлап бастарыма.
Жетпістің жотасына жетпеген жаста мына
Жаудырам алғысымды көрші мен достарыма,
Ұл-қызым, немере мен шөбере – жастарыма!
*** *** *** ***
Бір басында тектілікті, ірілік пен іскерлікті асқақтатар сан қасиеттер тоғысқан, сонысымен де елінің көшелі бір азаматы болып, есімі жақсылар мен жайсаңдардың қатарында аталып жүрген ардақты ағамыз ............... бұл күнде 60 жастың асқарына шығып, бәрімізді қуантып отыр.
Жасынан ел басқару ісіне араласып, осы жолда көп белес – биіктерден өткен қымбатты ағамызға, әкеміз, атамызға алда да тасыңыз осылай өрге домалай берсін, көргеніңіз тек қызық болып, ел-жұртыңызды жаңа табыстарыңызбен қуанта бергейсіз демекпіз.
*** *** *** ***
Ел үшін аянбай қызмет ету басты парыз деп санайтын, ұлт мүддесін ойлаған абзал да ардақты азамат, киелі де қастерлі мекен – Махамбеттей өр ақынның, елді жаудан қорғаған батырдың туған өлкесінің перзенті ........., жүйрік уақыттың ұшқыр қанаты Сізді ордалы отағасының жасы деп аталатын Асқаралы Алатау – 60 жастың белесіне алып жетіпті.
Сіз, .... жылы ..................... институтын тәмамдаған соң өз еңбек жолыңызды .......... қаласында алғашқыда қатардағы маманнан бастап, кейін ........................ қызметтерін атқардыңыз.
Жоғары кәсіби дәрежеңізді, жұмыстағы жауапкершілігіңізді және басшылық қызметтегі қағидашылдығыңызды, саясаттағы төзімділігіңізді ескере отырып, Сізге .......... жылы .......................қызметі ұсынылды. Табысты еңбектеріңіздің нәтижесінде Сіз ............... жылдан бастап .........................................қызметіне тағайындалдыңыз.
Көп жылғы сіңірген еңбегіңіздің нәтижесі ретінде, Сіз Қазақстан Республикасының .......................атағын иеленіп, .......................мерекелік медалімен марапатталдыңыз.
Қадірменді .........................., Адам өмірінің ең бір асыл кезі, асқар белі – 60 жасқа келіп отырсыз. Бұл жасқа өміріңіз қуатты, көңіліңіз шуақты қалпыңызда жеттіңіз! Осындай қарқыныңыздан қалмаңыз, шабысыңыздан танбаңыз. Қазақтың Шерханы, Шерағасы алпыс жасты талтүс дейді. Олай болса, Алпыстың асуынан асып, жетпіске аяқ басқан шағыңызда да көзіңізден от кетпесін, жүрегіңізден жылу кетпесін дей отырып, Елге етер еңбегіңіз, келер ұрпаққа берер тәліміңіз алдағы уақытта жалғасын табады деп сенім білдіреміз.
*** *** *** ***
Бірімізге аяулы ана, бірімізге асыл жар, енді бірімізге қадірменді әже ................. 60 жастың асуына шығып отыр. Осы бір өзімізге қымбат та сүйікті адамымызды мерейлі жасымен құттықтап, шын көңілден ақтарылған ізгі ниеттерімізді арнағымыз келеді.
Деніңіз сау, отбасыңыз аман, ғұмырыңыз мәнді де сәнді болсын. Шаңырағыңыздан шаттық үзілмесін деген тілек айтқымыз келеді.
Жаныңыз жаз, шуақ сепкен жүрегіңіз,
Бір әулеттің ұйтқысы бір өзіңіз.
Ақылшы боп, ана боп, пана болып,
Жүзге жеткін осы біздің тілегіміз.
Алпыста да қуатың арындасын,
Келдік біз өзіңізді сағынғасын.
Тәңір берген ғұмырды жасай бергін,
Бақ-дәулет шаңырақ арылмасын.
*** *** *** ***
Алпыста алты жасар баладай бол,
Жетпісте хан жығасы – жағадай бол.
Сексен мен тоқсанда да сыр алдырмай,
Жүз жаста көпті көрген данадай бол.
*** *** *** ***
Аман болсын басыңыз,
Ағармасын шашыңыз.
Шөбере сүйіп әлі де,
Жүзге жетсін жасыңыз.
60 та өмір белесі,
Қартайдым мен демеші.
Туған күнде жыл сайын,
Қуанышқа бөлеші!
*** *** *** ***
Қажетті сілтемелер (қарап көріңіз):
Туған күнге арналған құттықтау cуреттер
Туған күнге арналған тілектер, құттықтаулар
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Дәмелі
Өте жақсы , бірақ өте көп
Әбіләз
60 жасқа арналған ерекше құттықтау тілектер екен
Болат
Туған күндерің құтты болсын!
Бекзат
60 жасқа арналған ең әдемі мағыналы құттықтау тілектер екен
Әбіләз
60 жасқа ең әдемі тілек құттықтаулар!! рахмет!
Мира
Мағыналы терең тілектер тізбесі екен
Іңкар
Айнур