Әкеге туған күнге тілектер – шынайы әрі әсерлі құттықтаулар

Басты бет / Тілектер мен құттықтаулар / Әкеге туған күнге тілектер – шынайы әрі әсерлі құттықтаулар

Әкеге туған күнге тілек айту – құрмет пен алғыстың ерекше белгісі. Әке – отбасының тірегі, ақылшысы, қорғаны. Сондықтан әкеге арналған тілектер де мәнді, шынайы және жүрекке жететіндей болуы тиіс. Төменде әкеге арналған әдемі әрі қайталанбайтын құттықтау тілектер жинағы берілген.


Туған күнге тілек түрлері

Балаға тілек

Досқа тілек

Ата-анаға тілек

Қысқа тілек

Әдемі құттықтау тілектер

Жүзіңізден шуақ кетпей, біздің ортамызда күліп-ойнап, шаттыққа кенеліп, бақытқа бөленіп ұзақ жасай беріңіз. Осы жасқа келгенше жұрт тамсанарлық істеріңіз көп-ақ. Алдағы уақытта осы істеріңіздің жемісін көріңіз.

Әкеге арналған әдемі тілектер

Біз сізбен мақтанамыз, марқаямыз!
Ең тамаша сөз бұл өмірде «Әке» деген,
Суыққа бір шалдырмай мәпелеген.
Өмірдің соқпағымен өрге тартып,
Алдымен адам бол деп жетелеген.
Тағдырдың кеуде тосып жартасына,
Біз үшін түскен майдан ортасына.
Алаңсыз сауық-сайран, шалқып жүрміз,
Біз бүгін әкелердің арқасында.
Әкешім, жүреміз біз бір өзіңді арқаланып,
Жетеді жақсы ісің жұрт тамсанарлық.
Жүзге жет жүзің жарқын, денің сау боп,
Оны да аман-есен қарсы алалық.

*** *** *** ***

Асқар тау тірегім — Асыл әке...
Біз — көлдің сәні құрақпыз.
Сіз — сөздің басы сұрақсыз,
Біз — өміріңіздің байлауы, соңыңыздағы тұрақпыз.
Сіз — таудың шыңысыз, Папа!
Біз — сіз еккен баудың гүліміз.
Кілеміңіздің өрнегі сынды ұл-қыздарыңыз,
Папа!
«Әке — балаға сыншы» деген,
Өзіңізге мәлім қылығымыз бен тіліміз!
Үйіміздің шуақты нұры аяулы анамыз болса,
Бәріміздің шырқап айтар ән-жырымыз — асқар тау — Папа, сізсіз! Ақылшы тірегіміз де Өзіңізсіз!
Бүгінгі ұлы жиыныңызбен сізді шын жүрегімізбен құттықтап, ұл-қыздарыңыз, немере-шөберелеріңіз ұзақ ғұмыр тілейді.

*** *** *** ***

🎉 Әке, туған күніңіз құтты болсын! Сізге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр және әр күніңізге береке тілеймін.

🎉 Әкетай, сіз біздің тірегімізсіз. Әрдайым аман болып, бақытты өмір сүре беріңіз.

🎉 Қымбатты әке, туған күніңізбен! Еңбегіңіздің жемісін көріп, тек қуанышқа бөлене беріңіз.

🎉 Әке, сіздің берген тәрбиеніз бен ақылыңыз – өмірлік бағыт. Сізге тек жақсылық тілеймін.

🎉 Әкетай, әр күніңіз шаттыққа толы болып, жүзіңізден күлкі кетпесін.

🎉 Туған күніңізбен, асқар тауым! Сізге мықты денсаулық пен ұзақ өмір тілеймін.

🎉 Әке, сіздің қолдауыңыз – мен үшін үлкен күш. Әрдайым ортамызда аман жүре беріңіз.

🎉 Қадірлі әкем, өміріңіз тек жақсылық пен берекеге толы болсын.

🎉 Әкетай, сізге тек тыныштық, бақыт және молшылық тілеймін.

🎉 Әке, сіз біздің мақтанышымызсыз. Әр күніңіз жарқын болсын.

🎉 Туған күніңізбен, жан әке! Сізге ұзақ ғұмыр мен көтеріңкі көңіл-күй тілеймін.

🎉 Әкетай, сіздің еңбегіңіз бен қамқорлығыңыз ешқашан ұмытылмайды. Әрдайым аман болыңыз.

🎉 Әке, сіздің ақылыңыз – бізге жол көрсететін шамшырақ. Өміріңіз нұрлы болсын.

🎉 Қымбатты әке, әрбір арманыңыз орындалып, өміріңіз тек қуанышқа толы болсын.

🎉 Әкетай, сізге зор денсаулық, ұзақ өмір және отбасыңыздың қуанышын көруді тілеймін.

*** *** *** ***

Айналайын жан әке, жасыл бағым!
Құттықтап келді бүгін боталарың.
Әрқашан анамызбен аман болып
Тең көріңдер бала-шаға қуаныштарын!
Айналайын жан әке, жасыл бағым!
Арқа сүйеп еркелейтін асқар тауым!
Ерекше қайталанбас даралығың
Өміріме жол сілтейді даналығың!
Айналайын жан әке, жасыл бағым!
Тілеймін өзіңізге Жамбыл жасын.
Бақ-даулет, береке, ырыс болып
Сиынған ата бабам әруағы қолдасын!

*** *** *** ***

Адамгершілігімен, азаматтық іс-әрекетімен айналасына қадірлі болған, кісілік пен кішілік нұры тұла бойынан төгіліп тұрған сіздей ардақты әкемізді әрдайым мақтаныш етеміз!

Өмір жолында адаспау үшін білімді болуға, еңбексүйгіштікке үйреткен, жамандықтан сақтандырып, пана болған өзіңіз! «Балам, «көргенсіздің баласы» деген жаман атаққа қалма. Адал жүріп, тұр! Қолыңнан келсе жақсы іс жасап, алғыс ал» деген өсиетті құлағыма құйып тәрбиелеген де өзіңіз! Сіздің осындай тәрбиеңіздің шарапатын көп жерде көрдім, өмірден өз орнымды адаспай табуыма көп көмегі тиді. Сол үшін сізге мәңгі қарыздармын.

*** *** *** ***

Жан әке, Сіз жүргенде көзіңді сап,
Өсеміз бәйтеректей өзің құсап.
Ортада Сіздер барда дара шыңдай,
Бізге ашық кең пейілді сезім құшақ.
Жан әке, үйреткен Сіз ерлікті де,
Ұғындық Сізге қарап елдікті де.
Жүреміз жалғызсырап дәстүріңді,
Дарытып дархандықты, кеңдікті де.
Жан әке, бүгін той ғой ән салатын,
Шаттыққа толы болсын әр сағатың.
Атыңды асқақ біз ұстаймыз,
Болашақ мерейтойлар салтанатын.

*** *** *** ***

Тарылмасын, жан әке, тынысыңыз,
Таси берсін әманда ырысыңыз.
Немереңнің келіні сәлем етіп,
Шөбереңнің қолынан су ішіңіз.


Қорытынды

Әкеге туған күнге тілек – құрмет пен ризашылықтың белгісі. Әдемі сөздер арқылы сіз әкеңізге деген сүйіспеншілігіңізді білдіре аласыз. Ең маңыздысы – тілектің шынайы болуы.

Қажетті сілтемелер (қарап көріңіз): 

Туған күнге арналған тілектер

Туған күнге арналған құттықтау cуреттер

Туған күнге арналған құттықтау cуреттер

Туған күнге арналған тілектер, құттықтаулар

Туған күнге өлеңдер

Асқар тау әке туған күнің құтты болсын!

Ата-анаға ақ тілек

60 жасқа толған әкеге тілек

Әке 70 жас туған күнің құтты болсын!

Аяулы әке, Ата туған күн құттықтау, тілек



WhatsApp Telegram

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (26)

Айгерім

тамаша жақында әкемнің туған күні келе жатыр
интернет болмаса нестер едім.

Уанқан Мақсат

Тақпақ тамаша жақсы жазылған

Myrza

Өте керемет

Динара

Оте керемет ұнады маған

Алтынай

Мен. Акемды жаксы корем

Роза

Өте керемет

Нұрай

ғажап

Балнар

Бүгін әкімнің туған күні өте керемет өлеңдер

АЙДА

БҮГІН ӘКЕМНІҢ ТУҒАН КҮНІ

Амира

Керемет жазылған

Амира

Керемет

Дильяра

03 . 10 2020 10:57
Бугин акемнин туылган куни
Керемет жазылган

Сымбат

Керемет рахмет сіздерге❤

Нурғазы

“Білім-алл” ға рақмет тамаша кушті

Myrza

Керемет

Айдос

Мен оны жаксы корем

Мира

Ақ тілектер керемет,мағыналы саралап жазылған. Әкемізге арналып айтылғандай.Алла разы болсын сізге рахмет!

Маған қатты ұнады әкемнің туылған күні келе жатыр

МашАллах

Жамал

Баршаның әкесі бақытты болсын!

Аяу

Керемет

Аяулым

Күшті

Ментай

Бұл әкеге арналған құттықтау тілектер жиналған мақаланы оқып қуандым! Әкеге деген сүйіспеншілік, ризашылық пен құрметті әсерлі әрі жүректен шыққан сөздер арқылы жеткізген. Осындай жылы сөздер туған күнге, мерейтойға немесе отбасылық мерекелерге тамаша сыйлық болары сөзсіз. Әкеге арналған тілек-құттықтауларды bilim-all.kz сайтынан табу өте пайдалы болды. Рахмет!

Сайран

«Әкеге тілек» жинағын оқып шыққанда жүрек жылиды, өйткені әрбір жолдан әкенің отбасының тірегі, мықты тіреу екендігі аңғарылады.

Дастан

Әкеге керемет тілек құттықтаулар екен

Арман

Өте әсерлі тілектер екен 👏 Әке туралы жазылған сөздердің бәрі ерекше ғой, бірақ мұнда әр жолы шынайы сезіммен жазылғаны байқалады. Оқып отырып әкеме деген құрметім одан сайын артты. Осындай дайын, мағыналы құттықтаулар көп көмектеседі, әсіресе керек кезде сөз таба алмай қалғанда. Керемет жинақ екен!