Асыл Әке, ардағы ұл-қызының,
Бәрін болжап жүретін алдағының.
Қамқорымыз Сіз келіп 60 жасқа,
Қуантып отырсыз ғой бізді бүгін.
Анамыз ........ қанаттасып,
Жүріңіз әр күн сайын алға басып.
Сіздерді мақтан етіп біз тұралық,
Мөлдір бұлақ суындай асып-тасып.
Жан Әке, құтты болсын 60 жасың,
Біз үшін ардақты ғой алтын басың.
Немереден көріңіз шөберені,
Жыр алыбы Жамбылдың көріп жасын.
*** *** *** ***
Құтты болсын қуанышты күніңіз,
Бақытты боп шаттық өмір сүріңіз.
Алпыстың да асқарына жеттіңіз,
Енді жүзге құлаш сермеп шығыңыз.
Мереке күн нұрға толсын жүзіңіз,
Қуаныңыз, шаттаныңыз, күліңіз,
Бала-шаға қызығына кенеліп,
Ортамызда аман-есен жүріңіз!
*** *** *** ***
Балаларын қатарынан қалдырмай, қаз тұрғызған қамқор әке! 60-ты қазақта тал түс демей ме? Ендеше, бұл ер азаматтың ардақ пен мадаққа ең лайық шағы. Сол шағыңызда Тәңірдің шапағаты төгіліп, ғұмырыңыз салтанатты болғай.
*** *** *** ***
Қажетті сілтемелер (қарап көріңіз):
Туған күнге арналған құттықтау cуреттер
Туған күнге арналған тілектер, құттықтаулар
Асқар тау әке туған күнің құтты болсын!
Аяулы әке, Ата туған күн құттықтау, тілек
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Дәмір
60 жасқа толған әкеге тілек - ең әдемі тілек құттықтаулар