Эссе және өлең-жыр байқауы

70 жасқа құттықтау

Сыр шертіп заман мен көктем жайлы, қыс жайлы
Жетпісіне жеткендер жұртына жол нұсқайды.
Саясына мың түрлі құстар ұя салатьн,
Жапандағы ғажайып бәйтерекке ұқсайды!

Менің ағам осындай бүгін алып бәйтерек,
Тұрған шағы саралап, өткен жолын қайта кеп.
Жиырма бес пен қырықтың арасында жоғалған,
Қайран жігіт күндері жіберетін жайпап от!

Аға жайлы тарихты ары тағы жалғасақ,
Ұл мен қызы кетті алыс әрбірі әсем арна сап.
Немере мен шөбере сүйген бүгін жайы бар
Қаратауды қақ жарар ұрпақтары – мол жасақ!

Шақырғаны осында – ауыл, елі-аймағы,
Қазақтардьң бетке ұстар бағланы мен қаймағы.
Желкесіне жетпістің жеткерді Алла, шүкір деп
Құтты болсын, еліне ақ дастархан жайғаны!

*** *** *** ***

Алтын күздің алғашқы күні Алатаудай ардақты әкеміз 70 жасқа толғалы отыр.

Сондай-ақ анамыз екеуінің өмірлерінің мәніндей  «Алтын тойлары». Гүлдей қыз өсірген, білдей ұлдар өсірген, балдай немере-жиендер сүйіп, өмір сүруге, адам болуға тәрбиелеген әке-шешемізді қос қуаныштарымен құттықтаймыз.

Әкетай – асқар тауың,
Анашың зәм-зәм бұлақтай.
Алла өзі демеу болсын,
Жылатпай-дағы, құлатпай.
«Гауһар тойға» жетіңіздер,
Төрт құбылаң тең болып,
Шөлпілдетер шөбере сүйіп,
Шөлміркер көңіл гүл атқай!

*** *** *** ***

Әрбір адамның өзіне тән ғұмыр жолы, тіршілік баяны бар, бірақ еткен еңбек, көрген бейнет, татқан зейнет, алған асу, жеткен биік әркімнің өмірінде әрқилы. Оны сырт көз өздерінше бағалап та жатады. Сондағы жалпының іздейтіні біреу: ол – кісілік келбет, азаматтық тұлға. Оған – дәл осындай адами асқақ қасиетке, қанша ғұмыр кешкенімен, жеткен де бар, жетпеген де бар.

Өзінің өнегелі өмір соқпағында сыйластық пен достықтың ұлағатын ұлықтап, үлкенге құрмет, кішіге ізет болар ұлттық дәстүрлерді үкілеп келе жатқан ....... жарты ғасырдан аса достығымыздың жарасып келе жатқанын мақтан тұтамын. Сенің де мағыналы өміріңнің, шуақты шаңырағыңның алтын діңгегі - өмірлік қосағың .........., оның жалғасы, ертеңгі мәуелі жемісі – бауыр етің балаларың мен алтын асықтай немерелерің. Бүгінгі 70 жасқа толған мерейлі мүшел тойыңда өзіңе денсаулық, ұзақ ғұмыр, әулетіңе баянды бақыт тілеймін!

*** *** *** ***

Құтты болсын 70 жасыңыз,
Сексеннің де сенгірігінен асыңыз.
Қуат алып, денсаулықтың нәрінен,
Жүзіп өтіп жүзге аяқ басыңыз!
Балалардың арасында жүріңіз,
Шаттық нардаң айық басын жүзіңіз!
Тілек еттік шын жүректен бәріміз
Мықты болып ұзақ өмір сүріңіз!
Бір Жаратқан жар болып, қорғай жүрсін,
Ата-баба аруағы қолдай жүрсін.
Құдағи мен құдағи тату болып,
Бір біріне сәлемін жолдай берсін!

*** *** *** ***

Аш қасқырдай бізді қамап бар кемдік,
От та жақтық, су да әкелдік, нан көмдік.
Мына өмірге көнтерідей көндігіп,
Келе-келе, бара-бара әлдендік

Қарынымыз қампимай-ақ қойды асқа,
Күнкөрістен болған да емес ой басқа.
Қос кемпірге ере жүріп ербиіп,
Еңбек етіп, тер төктік біз қанша!

Еске алатын сәттер рас, көп бүгін,
Борандатқан, дауылдатқан өтті күн.
Жетпіс келіп жайғасқанмен желкеге,
Әлі бізге баяғыша жоқ тыным.

Жаса, .........!
Мәуеледің, гүлдедің,
Өзіңменен өле-өлгенше бір демім.
Маған қуат берері хақ қашанда,
Сенің шалқып есен-аман жүргенің.

Тағдыр бізден алудай-ақ алды өшін,
Асың – асқа, басың – аман, жан досым.
Жетпісіңмен жолдасыңдай жымдасып,
Сексеннің де басыңа ора сәлдесін.

Көп алысқан қатарластың бірі едім,
Саған деген сарқылмайды тілегім.
Жан-жарыңмен, балдарыңмен жарқылдап,
Жүзге дейін соға берсін жүрегің.

*** *** *** ***

Қалды артта жетпіс асу, қия шыңдар,
Сырбазсың, мінезіңде ұнасың бар.
Шұғыла шуақ төктің, айналаңа,
Жас жігіттей әлі де қуатың бар.

Жария боп жақсы атың алты Алашқа,
Келесіз үлгі болып барша жасқа.
Жүрегі аузын ашса көрінетін,
Базары жайсаңдардың тарқамас та.

Толқын аңқылдадың ақтарылып,
Жатыр ғой ақ пейілге жат табынып.
Ақ туын адалдықтың желбіреттің,
Жүрсең де астамсу жоқ атқа мініп.

Танытып еңбегіңмен сан қырынды,
Жақсыға шашу еттің жан нұрыңды.
Бөленіп құрметіне қалың жұрттың,
Арнадың еліңе сен тағдырыңды.

Қалыбың адамдықтың бір бұзбадың,
Ұяңнан түлеп ұшты ұл-қыздарың.
Өзіңнен өркен жайып, өнеге алған,
Тілейді сізге бақыт жұлдыздарың.

*** *** *** ***

Жақсылардың шапағаты жетелейді,
Өмір – мұхит, ал, оларды – кеме дейді.
Жол көрсетіп, дұрыс істі мақтан тұтса,
Онша-мұнша қателерді елемейді.

Ізгілікті қамтып алған теңіздейін,
Жақсыларды пана тұтып мен іздейін.
Мөлдір сезім жолын ашса жүрегіме,
Үмітімді ағалардан мен үзбейін.

Сізді, аға ойласам – мен шаттанам,
Тербеледі толқындай боп бақ талабым.
Жүрегімнің түкпірінде оянады
Жетпістегі сізге арнап жатқан әнім.

Шүкір деймін өзіңіздей жан барына,
Жақсылықты тілеймін мен жалбарына.
Сіз секілді аға болса – біздей іні
Алаңдамай қарайды ғой алдарына.

*** *** *** ***

Жүйрік уақыттың ұшқыр қанаты Сізді мағыналы ғұмырыңыздың биік бір белесі – 70 жасқа алып жетті. Сіз осы кемелдікке тың жігер, жарқын көңілмен келіп отырсыз.

"Қарттары бар ел – қазынасы бар ел” – деген сөз бар халқымызда. Осынау жылдар ішінде өмірдің талай белестерінен табысты өтіп, бүгінде өркен жайған алып бәйтеректей үлкен бір әулеттің ақылшы тірегі, арқа сүйері болып отырсыз.

Құрметті ............. аға!

Біз сізді жан жүрегімізбен жарқылдай қуана отырып құттықтап, мерекелі мерейтой күні Сізге денсаулығыңыз күйлі-қуатты, ғұмырыңыз ұзағынан, көрер қуанышыңыз молынан болсын деп тілейміз!  Мерейіңіз үстем, қадір-қасиетіңіз зор болсын.

*** *** *** ***

Желіп шық 70 жастың желкесіне,
Шаттықтан шалқи берсін шаңырағың.

*** *** *** ***

70 жасқа толған мерейтойыңыз қайырлы-құтты болсын. Сіз елу жылға жуық отасқан жұбайыңыз ........ өнегелі өмір сүріп, бақыттың бағында ұл-қыздарыңыздың қызығы мен қуанышына, немере, жиендеріңіздің сүйіспеншілігіне бөленіп, ағайын-туыс ортасындағы алтын көпірдей қадірлі қалыптарыңызды сақтап келесіз. Еңбекте де қажыр-қайратыңыздың арқасында талай абырой биігінен көрініп, ұрпағыңызға үлгі болар абзал жан ретінде өзіңізді танытып-ақ жүрсіз. Жүрегіңізге Алланың нұры құйылып, зор денсаулықпен жасай беріңіз

*** *** *** ***

Құтты болсын 70 жасыңыз, Сексеннің де сеңгірігінен асыңыз. Қуат алып, денсаулықтың нәрінен, Жүзіп өтіп жүзге аяқ басыңыз! Балалардың арасында жүріңіз, Шаттық нардай айық басын жүзіңіз! Тілек еттік шың жүректен бәріміз Мықты болып ұзақ өмір сүріңіз! Бір Жаратқан жар болып, қорғай жүрсін, Ата-баба аруағы қолдай жүрсін. Құдағи мен құдағи тату болып, Бір біріне сәлемін жолдай берсін!

*** *** *** ***

Құтты болсын 70 жасыңыз,
Сексеннің де сеңгірігінен асыңыз.
Қуат алып, денсаулықтың нәрінен,
Жүзіп өтіп жүзге аяқ басыңыз!
Балалардың арасында жүріңіз,
Шаттық нардай айық басын жүзіңіз!
Тілек еттік шың жүректен бәріміз
Мықты болып ұзақ өмір сүріңіз!
Бір Жаратқан жар болып, қорғай жүрсін,
Ата-баба аруағы қолдай жүрсін.
Құдағи мен құдағи тату болып,
Бір біріне сәлемін жолдай берсін!

*** *** *** ***

Қажетті сілтемелер (қарап көріңіз):

Әке 70 жас туған күнің құтты болсын!

Туған күнге арналған құттықтау cуреттер

Туған күнге арналған тілектер

Туған күнге өлеңдер

Туған күнге арналған тілектер, құттықтаулар


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Басқа сайттағы жаңалықтар:

Жүктелуде...