Эссе және өлең-жыр байқауы

Туған күнге арналған құттықтаулар мен тілектер

Бір досым: «Осы мен адамдарды түсінбеймін: әр жылы туған күнін тойлайды, сонда олар бір жылға қартайғанына қуанады ма?» деп еді.

Бүгінгі туған күн иесіне қарап отырып, сол досымның жаңсақ пікір айтқанына тағы да көзім жетіп отыр.

Әр жылы туған күнін тойлауға жеткен адам – бақытты. Адам әр жаңа жылға жеткеніне қалай қуанса, туған күнінде де солай қуануы керек.

Әр жастың өзіне тән бақыты, қуанышы, игілігі, ерекше сыйы болады. Сондай игіліктерге аман – есен жеткеніне неге қуанбасқа!

Қарапайым ғана мысал: біз бала күнімізде туған күнімізді достарымызбен, сыныптастарымызбен бірге тойлап өткізсек, есейе келе қуанышқа ортақтасатын қадірлі жандарымыздың қатары молая түсті.

Міне, бүгінгі туған күн кешінде қонақтардың арасында жаңа таныстар, жаңа туыстар пайда болғанының куәсі болып отырмыз. Бұл дегеніміз – туған күн иесінің өмірінде былтырғы туған күнінен бері қарай біршама жаңалықтар болғанын, араласатын ортасы кеңейгенін, тілеулес жандардың қатары артқанын байқаймыз. Мұндайдың өзі бір ғанибет емес пе!

*** *** *** ***

Өмірдің әр қырынан іздер арай,
Бақыт құсы самғасын сізге қарай.
Отыз жеті асуынан еркін асып,
Сәтті қадам басыңыз жүзге қарай!
Қамал алған құтты болсын жасыңыз
Өрлей берсін, өрге қарай тасыңыз.
Мереке күні, нұрға толсын жүзіңіз,
Қуаныңыз, шаттаныңыз, күліңіз.

*** *** *** ***

Туған күн мерейлі істердің бастау күні бола берсін, бақыт пен береке әкелсін, еңбекте табыс пен абырой тілейміз!

*** *** *** ***

Өмірде үш бақыт құсы бар: Көгершін, Қарлығаш, Аққу.
Көгершіннің мейірімділігін,
Қарлығаштың қайырымдылығын,
Аққудың ақ махаббатын тілеймін.

*** *** *** ***

Өзеннің ағысындай, тұлпардың шабысындай, толқынның жарысындай өтіп жатқан әр жылыңыз жақсылыққа толсын.

*** *** *** ***

Шаттыққа толы күндер,
Думанға толы кештер,
Ыстық құшаққа толы түндер тілеймін.

*** *** *** ***

Өмір – теңіз, жүзе біл, махаббат келсе күте біл.
Өмір – асқар асулар, тек сүрінбей өте біл.

*** *** *** ***

Бақыт сарайының бас құрылысшысы бол деген тілекпен құттықтау қарлығашын жолдаймын.

*** *** *** ***

Қажымас қайрат,
Талмас талап,
Мұқалмас жігер,
Қайтпас қажыр тілеймін.

*** *** *** ***

Тау суындай таусылмас қайрат,
Сыр суындай сарқылмас жігер,
Гүлдей жайқалған ғұмыр,
Гүлдей тербелген өмір тілеймін.

*** *** *** ***

Қасқырдың қайратын,
Арыстанның айбатын,
Жылқының сақтығын,
Бүркіттің қырағылығын тілеймін.

*** *** *** ***

Құтты болсын туған күн,
Кіндігіңді кесіп ап,
Жібек жіппен буған күн.
Шілдехана суымен
Алғаш рет жуған күн.
Орап алып жөргекке,
Ақ сүтін асыл ананың,
Емірене емген күн.
Әкең келіп төбеңнен
Тебірене төнген күн.
Қуанғаннан ел-жұртың
Көрімдігін берген күн.
«Кімге тартты екен?» деп
Бетіңді ашып берген күн.
Туған күнің жыл сайын
Жүз жыл бойы тойлансын.
Өсіп үрім-бұтағың,
Арманыңа жете бер,
Өмір шексіз көк теңіз,
Тоқтамастан кеше бер.

*** *** *** ***

Көңiлiң ақ болсын. Басыңа қонган бақ болсын. Отырған орның тақ болсын. Достарың саған жақ болсын. Дұшпандарың жоқ болсын. Жолдастарың көп болсын. Ата-анаңның аяулысы, достарыңның қалаулысы, сүйгенiңнiң сүйiктiсi бол. Әрқашан ашық жарқын, кешiрiмдi бол. Езуiңнен күлкi кетпесiн. Денсаулығың мықты болсын. Бай қуатты бол.

*** *** *** ***

Қажетті сілтемелер (қарап көріңіз):

Туған күнге арналған құттықтау cуреттер

Туған күнге арналған тілектер

Туған күнге өлеңдер

Туған күнге арналған тілектер, құттықтаулар


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Басқа сайттағы жаңалықтар:

Жүктелуде...