Құрметті ұстаздар!
«Ұстаздық етпес жалықпас үйретуден балаға» — деген ұлы Абай бабамыз. Сіздер жас ұрпақтың санасына сыналай енгізетін тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге өлшеусіз. Сіздер — жастардың болашағын айқындайсыздар, бүгін еккен дәндеріңіз ертеңгі жеңісті-жемісті күннің кепілі. Ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастырады.
Қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбектеріңізді ескере отырып, Сіздерге өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстар және мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріңізге толымды табыс тілеймін. Қызығы мен шыжығы қатар жүретін ұстаздық жолдарыңыз тек өрлеу мен өсуге бастасын.
Және тағы бір айта кеткім келетін жайт, мектептердің белсенділігі. Кез-келген мереке, сенбілік жұмыстары мектептердің қатысуынсыз өтпейтінін бәріміз білеміз. Мектеп ұжымы әрқашан да қоғамдық іс-шараларға аянбай ат салысып, барлық саладан белсенділік танытады. Тәуелсіз қазақ елінің дамуына қосып келе жатқан еңбектеріңіз үшін, мен баршаңызға шексіз алғыс білдіремін!
Құрметті ұстаздар! Шәкірттеріңіздің құрметі мен махаббатына бөленіңіздер. Шығармашылық ізденістер, ғылыми жаңалықтарыңыз арта берсін. Мерекелеріңізбен! Мерейлеріңіз үстем болсын!
Қадірлі ұстаздар!
Мен сіздерді келе жатқан төл мерекелеріңізбен құттықтаймын! Білімнің күші құдіретті. Ол бар жерде үздіксіз даму үрдісі жүреді. Білім мен ғылым арқылы өркениет дамып, мәдениет гүлденеді. Білім арқылы адам баласы өмірдегі өз орнын табады.
Ұстаз — келер күннің ұстасы. Балалардың қалыптасып келе жатқан дүниетанымының, өмірге деген көзқарасының иесі. Біздердің бүгінгі болмысымыз әліппені жаттатқызып, қолға қалам ұстатқан кешегі ұстаздарымыздың еңбегі. Ендеше, ұрпағымыздың ертең қандай адам болып өсетіні — мұғалімдердің бүгінгі еңбегінің жемісі болмақ.
«Ұлттың ұлағаты — мәдениетте, мәдениеттің ұлағаты — оқу мен әдебиетте», — деген екен Ахмет Байтұрсынұлы.
Ұстаз — осы білімге, мәдениет пен әдебиетке жетелейтін бірден бір тұлға. Ұрпақ тәрбиесінде мұғалімнің таланты, біліктілігі және жауапкершілігі, адами қасиеттері өте маңызды рөл ойнайды, өйткені ол — шәкірт үшін айна сияқты. Ұстазы жақсының шәкірті үздік. Бұл — айнымас аксиома. Бала білімді өз бетінше кітаптан оқып та үйрене алады, ал бірақ тәрбиені өз бетінше ала алмайды, өнеге мен үлгі, құрмет сияқты ізгі қасиеттер — ата-анадан қан арқылы дарыса, ұстаздан тәлім арқылы жұғады.
Ұстаздар — мемлекет пен қоғам арасындағы алтын көпір тәріздес. Мемлекеттің идеологиясы, қоғамның дәстүрі мен құндылықтары, адамзаттың асыл қасиеттері, ғылым мен өнердің мұралары ұстаздар арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жол тартады. Ертеңгі мемлекеттің болмысы — ұстаздың бүгінгі тәлімінде.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Аяулым
От е керемет
Мико
Өте керемет маған ұнады
Myrza
Өте керемет
Аяжан
Мереке кутты болсын мұғалімдеримиз ауырмасын
Сымбат
Ұстаздар күні құтты болсын барша ұстаздарды мерекесімен шын жүректен құттықтаймын дендеріне саулық тілеймін ешқашан ауырмасын тек бақыт тілеймін!!
Мунайра
Ұстаздар күні құтты болсын!Барша ұстаздар қауымын мерекемен шын жүректен құттықтаймын!!
《Bilim all》 сайттына рахмет
Оразкул
Устаздар куны кутты болсын,барған мугалымдерге рахмет айтамын, бызды окытып улгылы тәрбие бергеныне өте куаныштымын мен сыздерды жаксы корем устаздарым.
Мерикош
Ұстаздар сіздерге мың алғыс
Сымбат
Ұстаздар сіздерді мерекелеріңізбен құттықтаймын Сіздерге мың алғыс
Жанбала
Апай мерекениз кутты болсын
Ақниет
Ұстаз деген аяулы асыл жан гой ардақты. Ұстаздар үйретеді парасатты.
Асел
Устаз ана
Ақнур
өте керемет ақпараттар
Маржан
Ұстаздар күні мерекесі кутты болсын!
Гульшат
Барлық ұстаздарды мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын!
Ақнұр
Мәәә керемет екен
Азамат
Ұстазға арналған ең әдемі тілектер мен құттықтаулар
Ақерке
Ұнады
Жаңагүл
Күшті
Уууу
Туган кунге ше
Ұлжан
Маған бұл ақпараттар қаты ұнады
Ұлжан
Өте керемет маған қатты ұнады
Сабыр
Ұстазға арналған ең әдемі тілектер мен құттықтаулар