Әмбебап ару – Жомарт Калмуратов

Бұл бетте «Әмбебап ару» атты Жомарт Калмуратов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Бақ сыйлап, қуантатын анамды мың,
Жар іздеймін, бағым менің жанар бүгін.
Қалықтап бірге ұшар ақ құсымның,
Анықтап алсам деймін мамандығын.

Бағындырар білімнің шынарын жүз,
Оқушының жағатын шырағын біз.
Екеулеп шәкірттерді оқытатын,
Кейде алғым келеді мұғалім қыз.

Ер адам мақтанады жарыменен,
Әйел адам – өмірдің мәні деген.
Дәрігер қыз алсам да болады ғой,
Емдейтін сезім деген дәріменен.

Уақыты ешқашан бос өтпейтін,
Қаржы болса, отбасы өсет(ді) дейтін,
Есепші ару алсам қалай болар?
Отбасының бюджетін есептейтін.

Әрине, жақсы жарды жақтаймын мен,
Әйел болса, ер үмітін ақтай білген.
Саудагер арулар да жаман емес,
Сапалы тауарларын мақтай күлген.

Адамға алтын қолды жар керек шын,
Балдай дәмін келтіретін әр көмештің.
Арық едім, азырақ семіртетін,
Аспаз қызды алуға да қарсы емеспін.

Әйелдің біле алсам шын бағамын,
Сонда ғана шығады шыңға бағым.
Ұл-қызым да тілге жүйрік болар еді,
Жар қылып алсам, егер, тіл маманын.

Таңертең от алып ап, кешке сөнер,
Тоқтамайтын жұмыстеы істесе егер,
Сыпыратын ауламды таңғы алтыда
Ауыл қызын алсам ба екен, іске шебер?

Ер азамат іздейді ғой ерек сыңар,
Жар іздесе, болады көмекші ар.
Мына маған жүз пайыз ұнау үшін,
Әмбебап ару болу керек шығар!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әмбебап ару өлеңінің авторы кім?

Жомарт Калмуратов — осы өлеңнің авторы.

Әмбебап ару өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әмбебап ару өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жомарт Калмуратов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әмбебап ару өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар