Өлең, жыр, ақындар

Құрбыға кеңес...

Бар ақпарын білдірсе де ,
"еліңіз" ,
Құрбыжаннан кеңес сұрай келіңіз..
Досыңыздай бола алмайды,
Не түрлі -
Мың пікір бар, "Вконтакте" желіңіз..!

Үстеліңде тұрса құп көр: "парақ" , "шам" ,
Салқын лебін сыйлап жатса , əр ақшам.
Тура сөзді көзің шалса түртіп ал ,
"Онлайн" деп көрсеткенде - "парақшаң"..!

Экранменен махаббатты өрсек-ті ,
Арқаласын.. "сағыныш" пен "мол сертті" !
Желікпеңіз !
Сый бермейді, жəй ғана-
"Жазып жатыр..." деген сөзді көрсетті..

"Өтінімдер" тыныш қоймай келсе мың..
"Табынушың" дегені емес , ел сенің.!
"Жазылғандар" саны артып тұрғанмен-
Көрсетпейді.. адамдықтың - "өлшемін"..

Кешкін..
ісі болса да сан жасаған ,
Ешкім бойын көрсетпесін "тасадан".
Жан пенденің барлығын да жақсы көр ,
"Достығыңда" тұрса дағы - "бес адам".!

Сен қазақсың..
серттен бекер тайып пе ең?
Шалыс ісің тең болмасын "айыппен"..
Бұл бір əлем , жаулап алып жаныңды ,
Өлшенбесін, "дəрежеңіз" - "лайкпен"..!

"Тəтті" сөзді "хаттарын" да атса мың ,
"Жансыз күлкі" көре қалсаң- батса мұң :
Жылулықты "телефоннан" күтердей ,
Жұбанышың боп алмасын - "WhatsApp"ың..

"Əзілім" деп желіде- мың ұрылдың ,
Жан - жағыңа мейіріммен бұрылғын !
Көптен бері кеп түспеген "чатыңда" -
"Теріп жатыр..." деп жатса да , "құрылғың"...

"Əлеуметтік əлем".. мейлі.
Айт аңыз !
"Шын жақсыңыз" боп қалмасын - "жəй таныс".!
Тəулігіңнің тең жартысын бөлердей -
"Инстаграм" бақ бермейді , "байқаңыз"..!

Комментария : "ақылдысың" , "сарысың" ,
- десін мейлі..
видео , сурет - бəрі сын..
Жылу бермес.. алыстағы- "ардақтың"..
"Тікелеймен" көрсетсе де , "əр ісін"..!

Айтпағым сол: "қатарыңмен тең өс" , - деп.
Елітпесін, жағымды сəт елестеп !
"Бөліссең" де , "бөліспесең" - еркіңіз,
Ұқсаң болды, "заманауи кеңес" деп...


Гүлдана БЕКБОЛАТ



Пікірлер (1)

Айка

керемет!

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар