Келші, қасыма – Баянғали Әлімжанов

Бұл бетте «Келші, қасыма» атты Баянғали Әлімжанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.05.2020
  • 0
  • 0
  • 2387
Кейде оттай лаулайсың,
Кейде суық қардайсың,
Ашып айтпай сырыңды,
Жұмбақтаудан танбайсың,
Кетем десем, көзіңнің,
Қиығымен арбайсың,
Мың құбылып түлкідей,
Айтшы, кімді алдайсың?!

Қайырмасы:
Қойшы құбылмай,
Келші, қасыма,
Әнін өмірдің,
Шырқа қосыла,
Қолым бір тисе,
Толқын шашыңа,
Бәлкім, бақ құсы,
Қонар басыңа?!

Нар жігітке паң сұлу,
Еркелеуін қоймайды,
Ерсілігін байқамай,
Өртеймін деп ойлайды,
Кім біледі, қолдағы,
Бақытымен ойнайды,
Қарға аунаған түлкіні
Қыран ілмей қоймайды!

Қайырмасы:


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері